ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ҮШІН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кілттік сөздер:
санитариялық талаптар, жеке денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес, санитариялық қағидалар, тәуекелге бағдарланған тәсіл, Қазақстан.Аннотация
Кіріспе. Қазақстан Республикасында жеке денсаулық сақтау секторы белсенді дамып келе жатқанына қарамастан, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға байланысты бірқатар әкімшілік және нормативтік шектеулерге тап болуда. Бұл шектеулер әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін айқын сезіледі.
Зерттеу мақсаты. Ұлттық заңнама мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, санитариялық талаптарды оңтайландыруға бағытталған негізделген ұсыныстар әзірлеу.
Материал және әдістері. Зерттеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын нормативтік-құқықтық талдау, санитариялық реттеудің халықаралық тәсілдерін салыстырмалы зерттеу негізінде жүргізілді, сондай-ақ құрылымдық-функционалдық және жүйелік талдау, синтез, дедукция және сараптамалық бағалау элементтері қолданылды.
Нәтижелері және талқылауы. ҚР ДСМ-96/2020 санитариялық қағидалары мен ҚР ДСМ-152/117 бірлескен бұйрығына жүргізілген талдау көрсеткендей, қазіргі санитариялық талаптар жүйесі әмбебап сипатта болып, шағын медициналық бизнестің ерекшеліктеріне бейімделмеген. Артық және ескірген нормативтік ережелер, тексерулерден өту қиындықтары, қадағалаудың икемді жүйесінің болмауы анықталды. Еуропалық Одақ, АҚШ және Жапония елдеріндегі тәуекел деңгейіне бейімделген санитариялық реттеу модельдері және цифрлық шешімдерді қолдану тәжірибесі салыстырмалы түрде қарастырылды. Оңтайландырудың ұсынылған жолдары: тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу, қадағалау рәсімдерін цифрландыру, төмен тәуекелді нысандар үшін санитариялық стандарттарды жеңілдетіп әзірлеу.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасындағы санитариялық талаптарды жүйелі реформалау қажеттігін дәлелдейді. Бұл реформалар тәуекелге негізделген реттеу, цифрлық технологияларды енгізу және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталуы тиіс. Мұндай тәсіл әкімшілік жүктемені азайтып, жеке сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Библиографиялық сілтемелер
1. Kodeks Respubliki Kazakhstan «O zdorove naroda i sisteme zdravookhraneniia» [Code of the Republic of Kazakhstan "On public health and the healthcare system"]. Available from: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K2000000360
2. Prikaz Ministra zdravookhraneniia Respubliki Kazakhstan ot 11 avgusta 2020 goda № QR DSM-96/2020 «Ob utverzhdenii Sanitarnykh pravil "Sanitarno-epidemiologicheskie trebovaniia k ob"ektam zdravookhraneniia» [Order of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan dated August 11, 2020 No. QR DSM-96/2020 "On the approval of sanitary rules 'Sanitary and epidemiological requirements for healthcare facilities"]. Available from: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021210
3. Sovmestnyi prikaz Ministra zdravookhraneniia RK № QR DSM-152 i Ministra natsional'noi ekonomiki RK № 117 ot 2 dekabria 2022 goda "Ob utverzhdenii kriteriev otsenki stepeni riska i proverochykh listov v sfere sanitarno-epidemiologicheskogo blagopoluchiia naseleniia" [Joint Order of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan No. QR DSM-152 and the Minister of National Economy No. 117 dated December 2, 2022 "On approval of the criteria for risk assessment and checklists in the field of sanitary and epidemiological well-being of the population"]. Available from: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200031745
4. European Commission. Risk-based inspections in the EU healthcare sector. Available from: https://health.ec.europa.eu/system/files/2022-01/ph_quality_riskbased-inspections_en_0.pdf
5. U.S. Food and Drug Administration (FDA). Regulatory frameworks for small healthcare providers. Available from: https://www.fda.gov/medical-devices/overview-center-medical-devices-and-radiological-health/cdrh-small-business-assistance
6. Ministry of Health, Labour and Welfare of Japan. Healthcare regulation and small business policies. Available from: https://www.mhlw.go.jp/english/policy/health-medical/health/index.html
7. Australian Government Department of Health. Flexible sanitary regulations for small healthcare businesses. Available from: https://www.health.gov.au/sites/default/files/documents/2022/07/enhealth-guidance-risky-business-a-resource-to-help-local-governments-manage-environmental-health-risks.pdf
Жүктелулер
Жарияланды
Шығарылым
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс бойынша лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Бүкіләлемдік қол жетімді.