ОСТЕОАРТРОЗ КЕЗІНДЕ АУЫРСЫНУ СИНДРОМЫНЫҢ ӨРШУІ МЕН ЕМ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТӨМЕНДЕУІНІҢ ЖИІ СЕБЕПТЕРІ (клиникалық жағдайлар)
Кілттік сөздер:
остеоартроз, коморбидті жағдай, ҚСЕП, хондропротекторлар.Аннотация
Кіріспе. Жер шарының 60 жастан асқан тұрғындары арасында -остеоартрит жетекші орын алады. Жас ұлғайған сайын, кейбір науқастарда өмір сүру сапасын жақсарту үшін жүргізілген протективті шараларға қарамастан, аурудың үдеуі мен айқын артралгия сақталады. Бұл өзгерістер тек белсенді қозғалысты ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі күтуді де қиындатады.
Мақсаты. Остеоартрозбен ауыратын науқастарда коморбидті жағдайларды анықтау, кешенді емдеудегі негізгі препараттардың тиімділігін бағалау.
Материал және әдістері. Біз айқын ауырсыну синдромы бар пациенттердің клиникалық жағдайларын ұсындық, "Остеоартрит" диагнозын верификациялау және дегенеративті өзгерістердің дамуының себептік факторларын анықтау мақсатында жалпы қабылданған зертханалық талдаулар, иммунологиялық сынақтар және аспаптық зерттеулер (ОБП және бүйрек УДЗ, қан тамырларының УДЗ, буындардың рентгенографиясы, омыртқаның МРТ) жүргізілді. Барлық зерттеушілерге негізгі аурудың да, қатар жүретін жағдайлардың да қолданыстағы клиникалық хаттамаларына сәйкес терапия жүргізілді. Содан кейін алынған деректерге референттік көрсеткіштермен талдау жүргізілді.
Нәтижелері. Зерттеу нәтижелері бойынша ОА ға кабаттасқан жағдайлар анықталды және дертті емдеу шараларымен қоса қосарланған ауруларды тежейтін терапия тағайындалды.
Талқылау. Барлық аталған контингенттерде ОА бірге кездесетін қосымша метаболикалық бұзылулар, микроциркуляторлық ағымның өзгеруі, жүйке - бұлшықет синдромы - буындардағы шеміршек тініндегі дегенеративті өзгерістердің күшейтіп, ауырсыну синдромының үдеуіне және іс-шаралардың тиімділігінің төмендеуіне алып келетіні анықталды.
Қорытынды. Жоғарыда көрсетілген клиникалық жағдайлар сараптамасы бойынша қабынуға қарсы заттар, хондропротектірлі препараттармен кешенді емдеу және коморбидті жағдайлардың адекватты терапиясы аурудың болжамын жақсартып, субъективті көрсеткіштердің төмендеуі мен жоғары тиімділігін көрсетті.
Библиографиялық сілтемелер
1. Usanova AA, et al. Revmatologiia: uchebnoe posobie / Glava 14, A.A. Usanova [i dr. ]; pod red. A.A. Usanovoi. [Rheumatology: Study Guide. Chapter 14, edited by AA Usanova]. Moscow: GEOTAR-Media, 2023: 408
2. Lesnyak OM, Popov AA, Maksimov DM, Pukhtinskaya PS. Osteoartroz krupnykh sustavov nizhnikh konechnostei. [Osteoarthritis of Major Joints of Lower Limbs]. Moscow: GEOTAR-Media, 2016:144
3. Kotelniko GP, Lartsev YuV. Osteoartroz. [Osteoarthritis]. Moscow: GEOTAR-Media, 2009: 208
4. Alekseev LI. Osteoartroz. [Osteoarthritis]. Moscow: GEOTAR-Media, 2011: 36
5. Nasonov EL (ed.). Revmatologiia: Klinicheskie rekomendatsii / pod red. Akad. RAMN E.L. Nasonova. –2-e zd., ispr. i dop. [Rheumatology: Clinical Guidelines (2nd ed., revised and expanded)]. Moscow: GEOTAR-Media, 2010: 752
6. Shostak NA (ed.). Revmatologiia: uchebnoe posobie / red. N. A. Shostak. [Rheumatology: Study Guide]. Moscow: GEOTAR-Media, 2012: 448
Жүктелулер
Жарияланды
Шығарылым
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс бойынша лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Бүкіләлемдік қол жетімді.