КЕУДЕҚҰРСАҚ ЖАРАҚАТЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Кілттік сөздер:
кеудеқұрсақ жарақаты, гемопневмоторокс, гемоперитонеум, видеоторакоскопия, видеолапароскопия, ультрадыбыстық зерттеу.Аннотация
Кіріспе. Кеудеқұрсақ жарақатының өзектілігі жарақат жиілігінің өсуі, диагностикасының қиындығы, өту ағымының ауырлығы мен өлім санының жоғарлығына байланысты. Өлім санының жоғарғылығы өмірге қажетті ағзалардың жарақаттануымен, гемодинамиканың, тыныс алудың бұзылуының дамуына байланысты 2,6% бен 29,3% аралығын құрайды. Кеуде қуысының асқынған жарақатында диагностикалық және тактикалық қиындықтар науқастардың 1/3 бөлігінде кездеседі. Кеуде жарақаты кезіндегі диагностикалық қателіктердің себептері зардап шеккендердің ауырлығына және қатар жүретін патологияға емес, диагностикалық әдістерінің барлық кешенін толық және уақытылы қолданбауына да байланысты. Сол себептен диагностикалаудың тиімді жолдарын таңдауда шешілмеген сұрақтардың талқылануы жалғасуда.
Мақсаты. Кеудеқұрсақ жарақатының диагностикалық әдістерін жетілдіру. Ультрадыбыстық зерттеу барысында авторлық методиканы қолдану тәсілі туралы ақпарат және оның тез диагностиалаудағы маңызын сипаттау.
Материал және әдістері. Зepттeyдe қoлдaнылaтын әдiстep - нayқacтapдың мeдицинaлық кapтacының КӨШІРМЕ-не peтpocпeктивтi aнaлиз жүpгiзeмiз. Зepттeу oбъeктiсi peтiндe Алматы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталық пен №7 ҚКА болған 2021-2023 жылдар аралығында госпитализацияланған 75 науқасты құрайды.
Зерттеу нәтижелері. Кеудеқұрсақ жарақатында қай жағының жарақаттануына қарамастан ең көп симптомдар жиынтығы (К+Қ+) кеуде мен құрсақ жарақатында (48%) кездеседі, ал айқын симптомдар жиынтығының (К-Қ-) болмауы сол жақты жарақатта 6,1% құраса, ал оң жақты жарақатта екі есе көп 15,4% құрады. Негізгі клиникада анықтаушы симптомдар жиынтығы құрсақ ішілік қансырау (60%) болып табылады, сондай-ақ бұл көрсеткіш оң жақты жарақаттанғандарда көптеу кездесті 80,8%. Сол жақты жарақаттанғандар арасында перитонит клиникасы 34,7% науқаста кездесті, ал оң жақты жарақаттанғандарда бұл белгі кездеспеді.
Талқылауы. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей жаппай кеудеқұрсақ ішілік қан кету кезінде, тереңдетілген тексеру әдістерін қолдану мүмкін болмайды. Бұл ретте ультрадыбыстық зерттеудің артықшылықтарын айта кетуге болады, ультрадыбыстық зерттеуді тікелей палатада немесе операциялық бөлмеде, науқастың кез келген қалпында және кез келген жарықтандыруда жүргізуге болады және науқасты алдын ала дайындауды қажет етпейді. Бұл ретте ультрадыбыстық зерттеу кезінде сутегі асқын тотығын қолдану арқылы жараның енетін сипаты бар жара каналының бойында және қуысты аймақтарда газ көпіршіктерінің пайда болуы түріндегі суретті көрсетеді.
Қорытынды. Ұсынылған ультрадыбыстық диагностика әдісі кеудеқұрсақ қуысының енетін жараларындағы жарақаттың сипатын анықтайды, сәулелену әсері жоқ, кеш диагностикамен байланысты асқынулардың алдын алады, қауіпсіз және аз травматикалық, іргелес құрылымдар мен тіндердің зақымдану қаупін азайтады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Amarantov DG, Zarivchatsky MF, Kholodar AA, Nagaev AS, Gudkov OS. On the issue of surgical treatment of thoracoabdominal wounds. Permskii meditsinskii zhurnal = Perm Medical Journal. 2019;36(1):14-20. (In Russ.)
2. Voskresensky OV, Abakumov MM. Primenenie endokhirurgicheskikh tekhnologiy pri raneniyakh grudi [Endosurgical technology for chest wounds]. Zhurnal im. NV Sklifosovskogo Neotlozhnaia meditsinskaia pomoshch. 2016;1:45-53. (In Russ.)
3. Voskresensky OV, Danielyan ShN, Abakumov MM. Videothoracoscopy for coagulated hemothorax in victims with penetrating chest wounds. Zhurnal im. NV Sklifosovskogo Neotlozhnaia meditsinskaia pomoshch. 2015;2:35-40. (In Russ.)
4. Yahyoev SMO, Khodzhimatov GM. Diagnostic methods and surgical treatment of patients with thoracoabdominal traumas (review of the literature). Kardiochir Torakochirurgia Pol. 2022 Dec;19(4):226-231. doi: 10.5114/kitp.2022.122093. Epub 2022 Dec 24. PMID: 36643345; PMCID: PMC9809188
5. Khadjibaev AM, Rakhmanov RO, Sultanov RK, Sharipova VKh. Diagnosis and Treatment of Chest Injury and Emergency Diseases of Chest Organs. General Reanimatology. 2016;12(4):57-67. (In Russ.). https://doi.org/10.15360/1813-9779-2016-4-57-67
6. Medetbekov TA, Aliev MA, Ismailov ZhK, Sybanbaev DA. “ Sposob diagnostiki pronikaiuchego ranenia grudnoi kletki” 2005 г. Available from: http://gosreestr.kazpatent.kz/Invention/DownLoadFilePdf?patentId=138950&lang=r
