СЕМІЗДІКПЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДАҒЫ Д ДӘРУМЕНІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СУБКЛИНИКАЛЫҚ ГИПОТИРЕОЗ

Авторлар

  • MM OMAROVA City Clinic No 4
  • IS BEKTAYEVA Al-Farabi Kazakh National University

Кілттік сөздер:

семіздік, Д дәрумені тапшылығы, субклиникалық гипотиреоз, инсулин, тамақтану әдеті.

Аннотация

Кіріспе. Әртүрлі жастағы балаларда семіздіктің дамуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау балалар ағзасындағы көмірсулар алмасуының бұзылуы мен тапшылық жағдайларының ерте алдын алу және түзету әдісі болып табылады.
Зерттеу мақсаты. 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда семіздікпен қатар жүретін жағдайларды: субклиникалық гипотиреоз және D витаминінің тапшылығы, гиперинсулинизмді, яғни осы нозологиялар арасындағы байланысты анықтау мақсатында таралуын бағалау үшін сауалнама нәтижелеріне талдау жүргізу.
Материал және әдістері. 2023 жылдың мамырынан шілдесіне дейін 62 бала амбулаториялық семіздікке тексерілді. Балалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 26 хаттамасына сәйкес клиникалық тексеруден өтті.Зертханалық зерттеулердің нәтижелері талданды.
Нәтижелері. Алғашқы өтініш бойынша 62 бала қаралды, оның ішінде 36 ұл (58%) және 26 қыз (42%). Балаларды тексерген кезде ілеспе нозологиялар анықталды: субклиникалық гипотиреоз, D витаминінің тапшылығы, гиперинсулинизм.
Нәтижелерді талқылауы. Ілеспе жағдайларды уақытылы түзету дұрыс тамақтану және физикалық белсенділікпен бірге мақсатты салмақ деңгейіне жетуге ықпал етеді.
Қорытынды. Талдау нәтижелері бойынша 10-13 жас аралығындағы балалар арасында семіздік фонында D дәрумені тапшылығы, субклиникалық гипотиреоз, гиперинсулинизм сияқты жағдайлар жиі анықталған. Біз бақылаудың қысқа кезеңі ішінде талдау жүргіздік, бірақ одан әрі ұзақ мерзімді бақылаулар семіздік, D витаминінің тапшылығы, субклиникалық гипотиреоз сияқты жағдайлардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ емдеуге бағытталған шараларды енгізуге көмектеседі, оның ішінде өмір салтын өзгерту, дұрыс тамақтану әдеттерін дамыту және белсенді физикалық белсенділікті жүзеге асыру. Балалардағы семіздіктің алдын алу тек жасөспірімдік шақта ғана емес, сонымен бірге ересек жастағы өмір мен денсаулыққа да әсер етуі мүмкін.

Библиографиялық сілтемелер

1. Federalnye klinicheskie rekomendatsii (protokoly) po vedeniiu detei s endokrinnymi zabolevaniiami. [Federal clinical guidelines (protocols) for the management of children with endocrine diseases] / Ed. II Dedov and VA Peterkova. M.: Praktika, 2014. 442 p.

2. Natsionalnaia strategiia po profilaktike izbytochnogo vesa i ozhireniia sredi detei, 2021-2025 gg. v ramkakh Gosudarstvennoi programmy razvitiia zdravookhraneniia Respubliki Kazakhstan na 2020-2025 gg. [National strategy for the prevention of overweight and obesity among children, 2021-2025. within the framework of the State Health Development Program of the Republic of Kazakhstan for 2020-2025]. Available from: https://www.unicef.org/kazakhstan/media/7501/file/Национальная%20стратегия%20

3. Klinicheskii protokol MZ RK ot 18 avgusta 2017 g. protokol № 26 «Ozhirenie u detei i u podrostkov» [Clinical protocol of the Ministry of Health of the Republic of Kazakhstan dated August 18, 2017, protocol No. 26 “Obesity in children and adolescents”]. Available from: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=33671338

4. Ostapchik NP. Obesity in children and adolescents. Rossiiskii pediatricheskii zhurnal = Russian Pediatric Journal. 2022;3(1):230. (In Russ.)

5. Peterkova VA. Obesity in children and adolescents. Doktor. Ru = Doktor. Ru. 2010;1(52):10- 16. (In Russ.)

6. Bramante CT, Thornton RLJ, Bennett WL, et al. Systematic Review of Natural Experiments for Childhood Obesity Prevention and Control. Am J Prev Med. 2019;56(1):147-158. https://doi.org/10.1016/j.amepre.2018.08.023

7. Crocker MK, Yanovski JA. Pediatric obesity: etiology and treatment. Pediatr Clin N Am. 2011;58:1217-1240. https://doi.org/10.1016/j.pcl.2011.07.004

8. Dedov I.I., Mazurina N.V., Ogneva N.A., Troshina E.A., Rozhinskaya L.Ya., Yashkov Yu.I. Vitamin D metabolism disorders in obesity. Ozhirenie i metabolizm = Obesity and metabolism. 2011;2. (In Russ.). Available from: https://cyberleninka.ru/article/n/narusheniya-metabolizma-vitamina-d-pri-ozhirenii

9. Yan Y, Xu M, Wu M, Wang X, Li F, Zhang J, You L, Pan X, Feng W, Wu J, Chen C, Li X, Yan L. Obesity is associated with subclinical hypothyroidism in the presence of thyroid autoantibodies: a cross-sectional study. BMC Endocr Disord. 2022 Apr 8;22(1):94. doi: 10.1186/s12902-022-00981-0. PMID: 35395842; PMCID: PMC8991961.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-31

Шығарылым

Бөлім

Articles