ТРАНСУРЕТРАЛЬДЫ РЕЗЕКЦИЯДАН КЕЙІНГІ ҮРПІ ТАРЫЛУЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢАРТПАШЫЛ ӘДІС
Кілттік сөздер:
үрпі тарылуы, трансуретральды резекция, операциядан кейінгі асқынулар, қуық асты безі, қуық, цистостомия, уретропластика, үрпіні тілу, буккалды графт.Аннотация
Кіріспе. Жоғарғы және төменгі зәр шығару жолдарының эндоскопиялық хирургиясының дамуы трансуретральды араласудан кейін үрпі тарылулары санының ұлғаюына әкелді.
Жұмыс мақсаты. «Авантрон» аппаратымен экстракорпоральды электромагниттік ынталандыруды пайдалана отырып, трансуретральды араласулардан кейінгі үрпі тарылуын емдеудің жаңартпашыл әдісін пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Материалдар мен әдістер. 2017-2020 жылдар аралығында ем алған және «Авантрон» аппаратымен ем алмаған үрпі тарылуы бар 180 науқас қамтылған ретроспективалық талдау жүргізілді. Соның ішінде 74 (41%) трансуретральды араласудан кейінгі үрпі тарылуы бар науқас, 106 (59%) үрпе тарылуының басқа түрлерімен ауырған науқас.
Науқастар ультрадыбыстық диагностиканы, урофлоуметрияны, қалдық зәрді бағалауды, ретроградты және микциондық уретрографияны, IPSS сауалнамалары және QoL шкаласы бойынша сауалдау мен жалпы клиникалық сынақтарды қамтитын кешенді жоспарлы тексеруден өтті.
Зерттеу нәтижелері. Бақылау медианасы 18 айды құрады. Ең жиі орын алған орналасуы: бульбоздық бөлік – 85%. Тарылудың орташа ұзындығы 2 см-ді құрады. Зәр шығарудың ең үлкен жылдамдығының орташа мәні 5,9±2,7 мл/с-ді құрады. IPSS ұпайлары қосындысының медианасы – 25. Трансуретральды араласулардан кейінгі үрпі тарылуына арналған операциялардың түрі (саны): ішкі оптикалық үрпіні тілу (29), анастомотикалық уретропластика (18), тері қиындысымен бір сатылы пластика (4), буккалды графтпен бір сатылы уретропластика (17), буккалды графтпен көп сатылы уретропластика (2), меатотомия (3), буккалды графтпен бір сатылы қайық тәрізді шұңқыр пластикасы (1). ІОҮТ тиімділігі 52%-ды (15 науқас) құрады, 31% (9 науқас) үрпі тарылуының 6 ай ішінде қайталануын атап өтті, 17% (5 науқас) үрпі тарылуының 12 ай ішінде қайталануын атап өтті. Түрлі уретропластика түрлерінің тиімділігі – 81% (36 науқас), 19%
(9 пациент) 6 ай ішінде қайталануды атап өтті. Патоморфологиялық зерттеулер үрпі тарылуы аймағында строма фиброзы белгілерінсіз айқын қабынудың бар болуын көрсетті.
Нәтижелерді талқылауы. Бүгінгі таңда 33 пациентке талдау жасалды, соның ішінде
21 науқас «Авантрон» аппаратымен экстракорпоральды электромагниттік ынталандыруды пайдалану арқылы үрпі тарылуы бар ІОҮТ-тан өтті. Тиімділігі 82%-ды құрады (18 науқас), 18%
(4 пациент) 6 ай ішінде үрпі тарылуының қайталануын атап өтті. 12 пациентке ашық шұғыл араласу жасалды, және олар да «Авантрон» аппаратының көмегімен экстракорпоральды электромагниттік ынталандыру арқылы операциядан кейінгі ем алды. Түрлі уретропластика түрлерінің тиімділігі 83,3%-ды құрады (10 науқас), 17% (2 науқас) 6 ай ішінде қайталануды атап өтті. Ұзақ мерзімді нәтижелер әлі айқындалған жоқ. Науқастарды қабылдау және бақылау жалғасуда.
Қорытындылар. Трансуретральды шұғыл араласулар 52%-ға жететін ятрогенді үрпі тарылуының пайда болуының жетекші этиологиялық факторы болып табылады.
Библиографиялық сілтемелер
1 Grechenkov AS, Glybochko PV, Alyaev YuG, Butnaru DV, Bezrukov EA, Vinarov AZ, et al. Risk factors for urethral stricture and/or bladder neck contracture after monopolar transurethral resection of benign prostatic hyperplasia. Urologiai i andrologiia = Urology and Andrology. 2017;5(1):5–9 (In Russ.). DOI: 10.20953/2307-6631-2017-1-5-9
2 Valeeva AS, Khasanova AN, Khasanova GM, Abrarova ZF. Influence of risk factors on the formation of health of modern youth. Evraziiskii iuridicheskii zhurnal = Eurasian Law Journal. 2017;5(108):434–6 (In Russ.)
3 Zhivov AV, Tedeev RL, Koshmelev AA, Karpovich AV, Yudovskyi SO, Pushkar DYu. Results of treatment and risk factors for recurrence of iatrogenic urethral strictures in men. Urologiia = Urology. 2019;(5):7–13 (In Russ.). doi: 10.18565/urology.2019.5.7-13
4 Hoffmann R. Transurethrale resektion (TURP) und transurethrale inzision (TUIP) der prostata. In: Hoffmann R., (ed.) Endoskopische Urologie. Heidelberg: Springer; 2005. P. 50–84.
5 Davydov DS, Tsarichenko DG, Bezrukov EA, Sukhanov RB, Vinarov AZ, Sorokin NI, et al. Complications of the holmium laser enucleation of prostate for benign prostatic hyperplasia. Urologiia = Urology. 2018;(1):42–47 (In Russ.). doi: 10.18565/urology.2018.1.42-47
6 Sarier M, Tekin S, Duman İ, Yuksel Y, Demir M, Alptekinkaya F, Guler M, Yavuz AH, Kosar A. Results of transurethral resection of the prostate in renal transplant recipients: a single center experience. World J Urol. 2018 Jan;36(1):99-103. doi: 10.1007/s00345-017-2094-5. Epub 2017 Oct 6. PMID: 28986626
7 Zhou SK, Zhang J, Sa YL, Jin SB, Xu YM, Fu Q, Lazzeri M. Etiology and Management of Male Iatrogenic Urethral Stricture: Retrospective Analysis of 172 Cases in a Single Medical Center. Urol Int. 2016;97(4):386-391. doi: 10.1159/000444592. Epub 2016 Jun 14. PMID: 27296973
8 Golan R, Bernstein A, Sedrakyan A, Daskivich TJ, Du DT, Ehdaie B, Fisher B, Gorin MA, Grunberger I, Hunt B, Jiang HH, Kim HL, Marinac-Dabic D, Marks LS, McClure TD, Montgomery JS, Parekh DJ, Punnen S, Scionti S, Viviano CJ, Wei JT, Wenske S, Wysock JS, Rewcastle J, Carol M, Oczachowski M, Hu JC. Development of a Nationally Representative Coordinated Registry Network for Prostate Ablation Technologies. J Urol. 2018 Jun;199(6):1488-1493. doi: 10.1016/j.juro.2017.12.058. Epub 2018 Jan 4. PMID: 29307684
9 Fullhase C. Transurethral resection of the prostate. Urologe (Ausg. A). 2016;55(11):1433–9. DOI: 10.1007/s00120-016-0243-x
10 Chen CP, Liu FF, Jan SW, Wang KG, Lan CC. First report of distal obstructive uropathy and prune-belly syndrome in an infant with amniotic band syndrome. Am J Perinatol. 1997 Jan;14(1):31-3. doi: 10.1055/s-2007-994092. PMID: 9259893
11 Koraitim MM. Bladder neck incompetence at posterior urethroplasty. Arab J Urol. 2015;13(1):64–7. doi: 10.1016/j.juro.2010.02.748
12 Komura K, Inamoto T, Takai T, Uchimoto T, Saito K, Tanda N, Minami K, Oide R, Uehara H, Takahara K, Hirano H, Nomi H, Kiyama S, Watsuji T, Azuma H. Incidence of urethral stricture after bipolar transurethral resection of the prostate using TURis: results from a randomised trial. BJU Int. 2015 Apr;115(4):644-52. doi: 10.1111/bju.12831. Epub 2014 Oct 24. PMID: 24909399
13 Sun F, Sun X, Shi Q, Zhai Y. Transurethral procedures in the treatment of benign prostatic hyperplasia: A systematic review and meta-analysis of effectiveness and complications. Medicine (Baltimore). 2018 Dec;97(51):e13360. doi: 10.1097/MD.0000000000013360. PMID: 30572440; PMCID: PMC6320039
14 Rieken M., Kaplan S.A. Enucleation, vaporization, and resection: how to choose the best surgical treatment option for a patient with male lower urinary tract symptoms. Eur Urol Focus. 2018;4(1):8–10. DOI: 10.1016/j.euf.2018.04.020
15 Tan GH, Shah SA, Ali NM, Goh EH, Singam P, Ho CCK, Zainuddin ZM. Urethral strictures after bipolar transurethral resection of prostate may be linked to slow resection rate. Investig Clin Urol. 2017 May;58(3):186-191. doi: 10.4111/icu.2017.58.3.186. Epub 2017 Apr 5. PMID: 28480344; PMCID: PMC5419110
16 Tao H, Jiang YY, Jun Q, Ding X, Jian DL, Jie D, Ping ZY. Analysis of risk factors leading to postoperative urethral stricture and bladder neck contracture following transurethral resection of prostate. Int Braz J Urol. 2016 Mar-Apr;42(2):302-11. doi: 10.1590/S1677-5538.IBJU.2014.0500. PMID: 27256185; PMCID: PMC4871391
