АДАМНЫҢ ТІСТЕР ЭМАЛІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫНЫҢ САЛДАРЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ-ЖУЙЕ РЕТІНДЕ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2021-223-1-22-27##semicolon##
радионуклидтер, радиоактивтілік, биосубстрат, полигон, экология, экологияға тәуелді аурулар.##article.abstract##
Қоршаған ортаның техногендік радиоактивті ластануы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, оның ішінде адамға да радиациялық әсер етеді. Биосфераға түсетін радионуклидтер әр түрлі комбинациялар түрінде сыртқы, контактілі және ішкі сәулеленудің көзі болады. ЭПР негізіндегі дозиметрия жеке дозаны ретроспективті бағалауға мүмкіндік беретін әдіс болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Биотестілеу әдістері арқылы полигонға іргелес аумақтардың радиациялық ластануының халық денсаулығына кейін әсер етуінің салдарын бағалау.
Материал және әдістері. Аналитикалық әдістерді қолдана отырып, қоршаған орта объектілеріне барлау және радиоэкологиялық зерттеулер жүргізілді, бұл улы компоненттердің, басым ластағыштар мен радиоактивті изотоптардың сандық құрамын анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нысандары ретінде Капустин Яр полигонына іргелес орналасқан Батыс Қазақстан облысының (БҚО) Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары қарастырылды. Зерттелген аудандардың елді мекендерінен топырақ, ауыз су сынамаларындағы және биосубстраттардағы (тістер, адамның перифериялық қанының үлгілері) табиғи және техногендік радионуклидтердің көлемдік белсенділігінің мәні зерттелді.
Нәтижелері және талқылауы. Гамма-сәулелерін өлшеу көрсеткендей, полигон аумағының периметрі бойынша және жақын орналасқан елді мекендерде радиация деңгейі 0,06–0,14 мкЗв/сағ шегінде. Радиоактивтілік деңгейінің аздап артқандығы Бөкей Ордасы ауданында, яғни зымырандардың құлаған жақын жерде сақталған. Сондайақ, көрсетілген аудандардағы ересек тұрғындардың жалпы аурушаңдығының, ана мен баланың өлімжітім көрсеткіштері зерттелген. Бөкейорда ауданы тұрғындарынан р=95% дәлдікпен белгілі болғандай, зерттелген тістердегі бета - және гамма белсенділік табиғи деңгейден төмен, бұл зерттелген тістердегі радионуклидтер мөлшерінің олардың табиғи деңгейінен жоғары емес екенін көрсетеді. Радионуклидтер белсенділігінің К 40 және Ra 226-ға артуы Жәнібек ауданының тұрғындарында елеулі байқалады.
Қорытынды. Облыстың тексерілген аудандарында балалар мен әйелдердің, әсіресе фертильдік жастағы әйелдердің денсаулығының қанағаттанарлықсыз жағдайы, бастапқы сырқаттанушылық пен ана өлімі-жітімінің жоғары деңгейі байқалады; адамның экологияға тәуелді ауруларының өсу үрдісі артқан (бұрын тіркелмеген онкологиялық ауру түрлері, туа біткен кемістіктің дамуы, қан түзу, жүйке жүйесі ауруларының түрлері). Қорытындылар өңірдің экологиялық жай-күйін және халықтың денсаулығын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
##submission.citations##
Maslins DV, Maslins VD. Hygienical estimation of risk of violation of health of population of industrial city from influence of factors of environment. Hygiene and sanitation. 2007;5:32-34
Aguilera I, Pedersen M, Garcia-Esteban R, Ballester F, et al. Early-Life Exposure to Outdoor Air Pollution and Respiratory Health, Ear Infections, and Eczema in Infants from the INMA Study. Environ Health Perspect. 2013;121(3):387–392. doi: 10.1289/ehp.1205281
Bigaliev AB. Ecological genetics, monograph. Almaty: Publisher “Kazakh University”, 2016:245.
Muhametzhanova ZT. The current state of the problem of environmental pollution. Gigiena truda i meditsinskaia ekologiia = Occupational hygiene and medical ecology. 2017;2(55):11-20. (In Russ.)
Ostrovskaya SS, Shatornaya VF, Belskaya YuA. Effects of heavy metals and radiation on rat’s hemotosis. Svit meditsini ta biologii = World of Medicine and Biology. 2014;47(4):177–179 [In Russ.]
Serzhanova ZB, Aidarkhanova AK, Lukashenko SN, Lyakhova ON, Timonova LV, Raimkanova AM. Researching of tritium speciation in soils of “Balapan” site. J Environ. Radioact. 2018;192:621627. doi. 10.1016/j.jenvrad.2018.02.016.
Ishii H, Ikeya M, Okano M. ESR Dosimetry of Teeth of Resident Close to Chernobyl Reactor Accident. J. of Nuclear Science and Technology. 1990;27(12):1153-1155. doi: 10.1080/18811248.1990.9731308
Pass B, Aldrich JE. Dental enamel as in vivo radiation dosimeter. Med. Phys.1985. Handbook. 125
Zorko B, Korun M, Canadas JCM, Nicouland-Gouin V, et al. Systematic influences of gamma-ray spectrometry data near the decision threshold for radioactivity measurements in the environment. J of Environmental Radioactivity. 2016;158-159:119-128. doi. org/10.1016/j.jenvrad.2016.04.009
Zhumadilov K, Ivannikov A, Stepanenko V, Zharlyganova D, Toyoda S, Zhumadilov Z, Hoshi M. ESR dosimetry study of population in the vicinity of the Semipalatinsk Nuclear Test Site. J. Radiat. Res. 2013;54(4):775-779. doi: 10.1093/jrr/rrt008
Marcon AE, Navoni JA, de Oliveira Galvano MF, et al. Mutagenic potential assessment associated with human exposure to natural radioactivity. Chemosphere. 2017;167:36-43. PMID: 27705811. doi: 10.1016/j.chemosphere.2016.09.136
Hui Lu, Qi Zhao, Jiang Guo, Binghui Zeng, Xinlin Yu, Dongsheng Yu & Wei Zhao. Direct radiation-induced effects on dental hard tissue. Radiation Oncology. 2019;14(1):5. doi: 10.1186/s13014-0191208-1
Mary P, Walker DS, Brian Wichman, An-Lin Cheng, James Coster, Karen B. Williams. Impact of radiotherapy dose on dentition breakdown in head and neck cancer patients. Practical Radiation Oncology. 2011;1:142-148
Kuandykov EU, Tastemirova BU, Feklistova NA et al. Kliniko-geneticheskoe i biokhimicheskoe obsledovanie beremennykh iz grupp riska po rozhdeniiu detei s vrozhdennoi i nasledstvennoi patologiei. Doklady vtorogo Vsesoiuznogo sieezda meditsinskikh genetikov [Clinical-genetic and biochemical examination of pregnant women from the risk groups for the birth of children with congenital and hereditary pathology. Reports of the Second All-Union Congress of Medical Genetics]. Alma-Ata. 1990:430
Markabayeva A, Bauer S, Pivina L, Bjørklund G, Chirumbolo S, Kerimkulova A, Semenova Y, Belikhina T. Increased prevalence of essential hypertension in areas previously exposed to fallout due to nuclear weapons testing at the Semipalatinsk Test Site, Kazakhstan. Environ. Res. 2018;167:129-135. doi: 10.1016/j.envres.2018.07.016
Bigaliev AB, Shalabayeva KZ, Shimshikov BE, Kobegenova SS, Adilova LM, Kozhakhmetova AN, Sharakhmetov S, Burkhanova MN. Ecological and genetic assessment of the consequences of radiation influence on contaminated areas. Vavilovskii Zhurnal Genet Selekcii = Vavilov Journal of Genetics and Breeding. 2020;24(7):794801. (In Russ.). doi: 10.18699/VJ20.675
Thorn J.J., Hansen H.S., Specht L., Bastholt L. Osteoradionecrosis of the jaws: clinical characteristics and relation to the field of irradiation. J Oral Maxillofac Surg 2000;58(10):1088-1093. doi: 10.1053/joms.2000.9562
Yuko Kimura, Yuka Okubo, Naomi Hayashida, Jumpei Takahashi, Alexander Gutevich, Sergiy Chorniy, Takashi Kudo, and Noboru Takamura. Evaluation of the Relationship between Current Internal 137Cs Exposure in Residents and Soil Contamination West of Chernobyl in Northern Ukraine. PLoS One. 2015;10(9):e0139007. doi:10.1371/journal.pone.0139007
Inge Schmitz-Feuerhake, Christopher Busby, and Sebastian Pflugbeil. Genetic radiation risks: a neglected topic in the low dose debate. Environmental health and toxicology. 2016; 31: e2016001. doi:10.5620/eht.e2016001
Hassan Alinaghizadeh, Robert Wålinder, Eva Vingård, and Martin Tondel. Total cancer incidence in relation to 137Cs fallout in the most contaminated counties in Sweden after the Chernobyl nuclear power plant accident: a register-based study. BMJ Open. 2016; 6(12): e011924. doi: 10.1136/bmjopen-2016-011924
Tetsuji Imanaka, Masayoshi Yamamoto, Kenta Kawai, Aya Sakaguchi, Masaharu Hoshi, Nailya Chaizhunusova, Kazbek Apsalikov. Reconstruction of local fallout composition and gamma-ray exposure in a village contaminated by the first USSR nuclear test in the Semipalatinsk nuclear test site in Kazakhstan. Radiation and Environmental Biophysics. 2010;49(4):673–684. doi: 10.1007/s00411010-0301-5
Sandra Ribeiro de Barros da Cunha, Pedro Augusto Mendes Ramos, Ana Cristina Aló Nesrallah, Cláudia Joffily Parahyba, Eduardo Rodrigues Fregnani, Ana Cecília Corrêa Aranha. The Effects of Ionizing Radiation on the Oral Cavity. The Journal of Contemporary Dental Practice. August 2015;16(8):679-687. doi: 10.5005/jp-journals-10024-1740
Hоshi M, Saimova AZh. Problem in assessing the effects of radiation with "low doses". Review. Nauka i Zdravookhranenie = Science & Healthcare. 2017;2:115-127 (In Russ.)
Djokovic-Davidovic J, Milovanovic A, Milovanovic J, Antic V Gajic. Analysis of chromosomal aberrations frequency, haematological parameters and received doses by nuclear medicine professionals. J BUON. 2016; 21(5):1307-1315. PMID: 27837637