ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҒЫНДА БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ШЕҢБЕРІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

##article.authors##

  • Mariyam K Iskakova «Қазақ-Ресей медициналық университеті» МеББ
  • Urnisa A Kuvatbaeva «Қазақ-Ресей медициналық университеті» МеББ
  • Маdina D Aukhadieva «Қазақ-Ресей медициналық университеті» МеББ

##semicolon##

https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-215-216-5-6-38-52

##semicolon##

тексеру##common.commaListSeparator## тіс саулығы##common.commaListSeparator## талдау##common.commaListSeparator## жоба

##article.abstract##

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарында тұратын балалар мен жасөспірімдердің стоматологиялық денсаулығын зерттеу мәселелері өзекті болып қала береді. Жас ұрпақтың денсаулығы, оның ішінде стоматологиялық денсаулық - өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін маңызды басымды бағыт.
Мақсаты. Қазақстан Республикасының әр түрлі аймақтарындағы балалар мен жасөспірімдердің стоматологиялық ауруын зерттеу.
Материал және әдістері. Білім беру мекемелерінде тұратын 608 бала мен жасөспірімдерге сауалнама жүргізілді. Профилактикалық стоматологиялық тексерістің нәтижелері электронды стоматологиялық картаға жазылды. Таралуын зерттеудің электрондық картасы паспорттық деректерді, субъективті, объективті деректерді және ауызішілік тексеру деректерін қамтыды. Ауыз гигиенасының жағдайына, санитарлық тазаланған науқастардың көрсеткішіне және ауыз қуысын санитарлық тазарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Нәтижелері және талқылауы. ҚР әр түрлі аймақтарында сауалнама жүргізудің негіздемесі балалар мен жасөспірімдердің денсаулық деңгейін тіс ауруының қауіп факторларын анықтау үшін зерттеу болды. 608 бала мен жасөспірімдерді стоматологиялық тексеру тіс кариесінің, пародонт тіндерінің ауруларының, дентоальвеолярлық ауытқулардың жоғары қарқындылығы мен таралуын көрсетіп отыр. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі ауыз қуысын санитарлық тазартуды қажет етеді, бұл көрсеткіш 51,9% құрады. Білім беру мекемелерінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу және ауыз қуысын уақытылы санитарлық тазарту қажет екендігі сөзсіз. Алынған статистикалық мәліметтер бізге Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарында тұратын балалар мен жасөспірімдердің «тіс саулығының картасын» құруға және тіс ауруларының алдын алудың кешенді бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Қорытынды. Стоматологиялық практикадағы негізгі мәселелердің бірі - асқынулардың дамуын болдырмау, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында ерте жастағы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардағы кариестің таралуын зерттеу. Стоматологиялық кариес - бұл білім беру мекемелерінде тұратын балалар арасында жиі кездеседі. Сондай-ақ, балалардың 28%-ында сапасыз пломбалар бар, тістері бұзылған, ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан, пародонт тіндерінің қабыну аурулары дамиды. Балалардың шамамен 35%-ы дентоальвеолярлық ауытқулардың дамуына байланысты ортодонтиялық көмекке мұқтаж. Бұл санаттағы балалар мен жасөспірімдерге ақылы қызмет болып табылатын ортодонтиялық көмек толық көрсетілмеген. Сондықтан бірқатар ұйымдастырушылық-профилактикалық және ұйымдастырушылық-терапиялық шаралар шешімін табуға тиіс.

##submission.citations##

Leontiev VK. Healthy teeth and quality of life. Zhurnal Stomatologiia = J Dentistry. 2000,5:10-13 (In Russ.)

Borodovitsin SI, Savelyeva NA, Tabolina ES. Profilaktika stomatologicheskikh zabolevanii [Prevention of dental diseases]. Textbook. - Ryazan, 2019. 264 p.

Lygina YuE. Study of indicators of dental morbidity in children in the Astrakhan region. Astrakhanskii meditsinskii zhurnal = Astrakhan medical journal. 2013; 8(3):123-127 (In Russ.)

Borovskiy EV. Terapevticheskaia stomatologiia: Uchebnik dlia studentov meditsinskikh vuzov. [Therapeutic dentistry: A textbook for medical students]. M.: MIA, 2003. 798 p.

##submission.downloads##

##submissions.published##

2020-06-07

##issue.issue##

##section.section##

Articles