ДЕНЕ САЛМАҒЫ ЭКСТРЕМАЛЬДЫ ТӨМЕН ЖӘНЕ ӨТЕ ТӨМЕН ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДЕ БАЙЫТЫЛҒАН ИММУНОГЛОБУЛИНДЕРДІ АДЪЮВАНТТЫ ТЕРАПИЯДА ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

##article.authors##

  • Gulzhan Zh BAIGAZIEVA С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • Kuralay K KUZERBAYEVА С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • Karlygash B ZHUBANYSHEVA С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • Akmaral K BALGANBAYEVA С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • Marzhan A OTEBAYEVA M С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • Dildora S KENZHAYEVA С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • Balzhan M BEKTENBAY С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • Rosa R ARKHABAYEVA С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ

##semicolon##

https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-211-212-1-2-61-66

##semicolon##

шала туылған нәресте##common.commaListSeparator## экстремальды төмен дене салмағы##common.commaListSeparator## өте төмен дене салмағы##common.commaListSeparator## неонатальді пневмония##common.commaListSeparator## байытылған көктамырішілік иммуноглобулиндер

##article.abstract##

Шала туылған нәрестенің иммундық жүйесі босану процесінде және босанғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда бұрын таныс болмаған вирустық, бактериялық және саңырауқұлақ сипаттағы экзогенді антигендермен байланысу фонында патогендік микроорганизмдерге оңтайлы жауап беруге мүмкіндік бермейтін сандық және функционалдық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл дене салмағы өте төмен және өте төмен балаларды кешенді емдеуге деген көзқарасты өзгерту арқылы шала туылған нәрестелерде өлім-жітімнің және ауыр сырқаттанудың алдын алудың жаңа бағыттарын іздеудің өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің мақсаты. Өкпенің инфекциялық зақымдануында экстремальды төмен және өте төмен дене салмағындағы нәрестелерде байытылған көктамырішілік иммуноглобулиндердің адъювантты терапиясының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау.
Материал және әдістері. Экстремальды төмен және өте төмен дене салмағындағы ауыр жатырішілік және неонатальді пневмония туындаған 49 шала туылған нәрестенің «Жаңа туылған нәрестенің даму тарихы» және «босану тарихы» алғашқы медициналық құжаттарына ретроспективті зерттеу және статистикалық талдау жүргізілді, екінші топты ұқсас патологиясы бар, емінде байытылған көктамырішілік иммуноглобулиндер қолданылмаған 66 бала құрады. Ретроспективті материал жинау Алматы облысы Қарасай орталық аудандық ауруханасының перинаталды орталығы негізінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. Жаңа туған нәрестелердің жатырішілік және неонатальды пневмониясы дамыған 49 оқиғасы талданды, барлық балалар стандартты емдеу пакетін алды, оның ішінде бактерияға қарсы, инфузиялық және симптоматикалық терапия.
Иммуномодуляторлық терапия ретінде балалар 0 айдан бастап тіркелген және рұқсат етілген «Пентоглобин» препаратын алды. Көктамырішілік иммуноглобулиндерді қолдану жатырішілік пневмонияны емдеу әдісі және жаңа туылған нәрестелерде балалар өлімінің алдын алу әдісі ретінде зерттелген. Препараттарды тағайындау критерийлері: сепсис клиникасы, септика тәрізді жағдай, алғашқы антибиотикалық терапияға көнбейтін, рентгенологиялық картинасы өршіген пневмония, зертханалық өзгерістер (лейкопения, лейкоцитоз, жоғары СРБ -мен бірге нейтропения) болды.
Қорытынды. Экстремальды төмен және өте төмен дене салмағындағы ауыр жатырішілік және неонатальді пневмония туындаған 49 шала туылған нәрестеде байытылған көктамырішілік иммуноглобулиндер тобынан иммуномодуляторлық препараттың клиникалық эффективтілігі көрсетілген. Ауыр неонатальді пневмониямен науқастардың комплексті терапиясына байытылған көктамырішілік иммуноглобулиндерді қосу клиникалық белгілердің тоқтауына алып келеді, микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылық дамуын және өлім қаупін төмендетеді.

##submission.citations##

Lawn JE, Blencowe H, Oza S, You D, Lee AC, Waiswa P, Lalli M, Bhutta Z, Barros AJ, Christian P, Mathers C, Cousens SN, Every Newborn: progress, priorities, and potential beyond survival. Lancet. 2014 Jul 12; 384(9938):189-205. DOI: 10.1016/S0140-6736(14)60496-7. [PubMed]

Kurnosenko IV, Dolgushina VF, Sandakova EA. Infectious pathology of the reproductive tract in pregnant women. Chelovek. Sport. Meditsina = Human. Sport. Medicine. 2017;17(1):46-56 (In Russ.). DOI: 10.14529/hsm170105

Stoll BJ, Hansen NI, Bell EF, Walsh MC, Carlo WA, Shankaran S, et al. Trends in Care Practices, Morbidity, and Mortality of Extremely Preterm Neonates, 1993-2012. JAMA. 2015 Sep 8;314(10):1039-51. DOI: 10.1001/jama.2015.10244. [PubMed]

Khaertynov KhS, Anokhin VA, Mustafin IG, Boichuk SV, Satrutdinov MA, Andreeva AA, Lyubin SA, Agapova IV. Specific features of immunity in neonatal infants with localized and generalized bacterial infections. Rossiyskiy Vestnik Perinatologii i Pediatrii = Russian Bulletin of Perinatology and Pediatrics. 2015; 5: 168–173

Maheshwari A. Neutropenia in the Newborn. Curr Opin Hematol. 2014 Jan;21(1):43–49. DOI: 10.1097/MOH.0000000000 000010

Christensen RD, Calhoun DA, Rimsza LM. A practical approach to evaluating and treating neutropenia in the neonatal intensive care unit. Clin. Perinatol. 2000;27(3):577–601. DOI: 10.1016/s0095-5108(05)70040-3

Fedyaeva VK, Rebrova OYu. Systematic review of Pentaglobin efficacy in preventing mortality in newborns and older children with bacterial infections and sepsis. FARMAKOEKONOMIKA. Sovremennaya farmakoekonomika i farmakoepidemiologiya = PHARMACOECONOMICS. Modern pharmacoeconomics and pharmacoepidemiology. 2016;9(1):50-57 (In Russ.). https://doi.org/10.17749/2070-4909.2016.9.1.050-057

##submission.downloads##

##submissions.published##

2020-02-07

##issue.issue##

##section.section##

Articles