ПЛЕВРА ЭМПИЕМАСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЗАМАНАУИ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРУ

Авторлар

  • TA MEDETBEKOV «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • SG NUKUSHEVA С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • KE AIDARKHAN С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • EE ABEN «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • AE ZHAKYPBEKOVA «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • AA NURZHANOVA «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • NN ORYNBASAROV «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ
  • EK KALYS «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ

Кілттік сөздер:

кардиоторакальды хирургия, декортикация, эмпиема, денсаулыққа байланысты өмір сапасы, видеоассистерленген торакоскопиялық хирургия (VATS).

Аннотация

Өзектілігі. Плевра эмпиемасы - аурушаңдылық пен өлімнің маңызды себебі болып табылады. Әдебиеттерде ең жақсы бастапқы және түпкілікті емдеу туралы пікірталастар бар, соңғы зерттеулер бастапқы хирургияда тамаша қысқа мерзімді нәтижелерді көрсетті. Осыған қарамастан, хирургиялық араласудың ұзақ мерзімді нәтижелерге әсері толық сипатталмаған. Хирургиялық араласудың ұзақ мерзімді әсері туралы қолда бар деректерді бағалау үшін жүйелі әдеби шолу жасадық.
Зерттеу мақсаты. Клиникалық тәжірибеде плевра эмпиемасының диагностикасы мен заманауи емдеу әдістерін салыстыру.
Материал және әдістері. Шолу жұмысында әдебиеттерді іздеу жұмыстары PubMed, Scopus, Web of Science, Cochrane, Wileylline library, Ovid секілді библиографиялық және өзге де электронды медициналық мәліметтер базасындағы тек 2013 жылдың қазаны мен 2024 жылдың маусымы аралығындағы деректер жарияланған ағылшын және орыс тілдеріндегі рандомизацияланған, мета-анализдерге, клиникалық зерттеулер мен халықаралық клиникалық ұсыныстарға, сирек кездесетін клиникалық жағдайларға әдебиеттік шолу жүргізілді. Зерттеуге енгізу критерийі: 1) Деректер базасында жарияланған толық мәтінді зерттеулер; 2) Ағылшын немесе орыс тілдеріндегі зерттеулер; 3) соңғы 2013-2024 жылдары орындалған немесе жарияланған зерттеулер.
Нәтижелері және талқылауы. Плевра эмпиемасын ең минимальды инвазивті емдеу мен оң нәтиже беруі қызмет көрсету сапасына байланысты. Видео-ассистерленген торакоскопилық хирургия әдісімен жұмыс істеудің басында "сәтсіздіктердің" белгілі бір ықтималдығын ескеру қажет және медициналық көмектің тиімділігінің төмендеуін болдырмас үшін пациенттерді мұқият таңдау қажет. Плевра эмпиемасын емдеудегі заманауи әдістеріне: торакоцентез, түтікті торакотомия немесе ашық декортикация, плевраішілік фибринолиз, видео-ассистерленген торакоскопиялық хирургия (VATS), торакопластика, вакууммен жабу әдісі, бұлшықет интерпозициясы жатады. Алайда плевра эмпиемасының жыланкөздермен байланысты асқынуын емдеу – жергілікті тәжірибелерге байланысты орындалатынын атап өткен жөн, яғни күрделі жеке хирургиялық стратегияларды қажет етеді. Бірақ бүгінгі күнге дейін, ең бастапқы және түпкілікті плевра эмпимасын емдеу туралы пікірталастар әлі де бар.
Қорытынды. С.В. Доброквашин, Marco Scarci, Udo Abah, Yasser Al jean, Sukainah alabkary, Miriam Patella, Jarrod Jolliffe және басқа авторлардың деректеріне сүйеніп, плевра эмпиемасын емдеудегі негізгі аспаптық көрсеткіштердің артықшылығы мен кемшіліктерін сипаттай отыра, плевра эмпиемасының хирургиялық емдеу нәтижелерін талдап видео-ассистерленген торакоскопиялық хирургия (VATS) емдеудегі ең минимальды инвазивті әдіс болып саналады. Бұл емдеу әдісі асқынулардың төмен және аз болуына байланысты хирургиялық қаупі жоғары науқастар үшін өте қолайлы.
1-ші сатыдағы эмпиеманы емдеу кезінде кеуде түтігі арқылы плевра қуысын хирургиялық дренаждау қажет. Ал 2-ші мен 3-ші сатыдағы плевра эмпиемасын емдеуде хирургиялық өңдеудің немесе ашық декортикацияның пайдасы дәлелденді және видеоассистирленген торакоскопиялық хирургия (VATS) торакостомиямен салыстырғанда, стационарда емдеудің айтарлықтай сәттілігі мен науқастардың денсаулыққа байланысты өмір сапасының артуына, стационарда болу мерзімінің қысқаруына оң нәтижесін беретінін көрсетті.

Библиографиялық сілтемелер

1. Jolliffe J, Dunne B, Eckhaus J, Antippa P. Long-term outcomes in surgically intervened empyema patients: a systematic review. ANZ J Surg. 2024 Sep;94(9):1491-1501. doi: 10.1111/ans.19123. Epub 2024 Jun 19. PMID: 38895824

2. Dobrokvashin SV, Sysoev PN, Volkov DE, Demyanov SL. Modern approaches to the diagnosis and treatment of pleural empyema. Prakticheskaia meditsina = Practical Medicine. 2013; 5(74):32-37. (In Russ.)

3. Scarci M, Abah U, Solli P, Page A, Waller D, van Schil P, Melfi F, Schmid RA, Athanassiadi K, Sousa Uva M, Cardillo G. EACTS expert consensus statement for surgical management of pleural empyema. Eur J Cardiothorac Surg. 2015 Nov;48(5):642-53. doi: 10.1093/ejcts/ezv272. Epub 2015 Aug 7. PMID: 26254467

4. Aljehani Y, Alabkary S. Single incision VATS decortication for 3rd stage empyema. Clin Case Rep. 2018 Sep 25;6(11):2144-2146. doi: 10.1002/ccr3.1743. PMID: 30455908; PMCID: PMC6230628

5. Patella M, Minerva EM, Porcellini I, Cianfarani A, Tessitore A, Cafarotti S. Tracking the outcomes of surgical treatment of Stage 2 and 3 empyema: introduction and consolidation of minimally invasive approach. ANZ J Surg. 2021 Oct;91(10):2182-2187. doi: 10.1111/ans.17133. Epub 2021 Aug 17. PMID: 34405522

Жүктелулер

Жарияланды

2025-06-11

Шығарылым

Бөлім

Articles

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##