ПАРАФАРИНГЕАЛЬДЫ КЕҢІСТІКТІҢ БАСТАПҚЫ ІСІГІНІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІ (клиникалық жағдай)
Кілттік сөздер:
трансоральды жол, ісік, парафарингальды кеңістік, миксома, онкология.Аннотация
Кіріспе. Парафарингеальды ісіктер салыстырмалы сирек кездесетін болғандықтан, хирургтар арасында оның сылыну жолдары, отадан кейінгі асқынулары мен қауіптері тұрғысынан жіті талқылауды қажет етеді.
Тексеру мақсаты. Парафарингеальды аумақ ісігін сәтті клиникалық нәтижеге қол жеткізілген трансоральды жету арқылы сылып тастаудың жолын көрсету.
Материал және әдістері. Науқас жақ асты мен мойын бөлігінде пайда болған ісікке, бас ауруына шығымданып түсті. Мойын МРТ 09.08.2024 ж.: оң жақ парафарингиалды кеңісте гиповаскулярлы түзілім анықталады.
Нәтижесі. Ауыз қуысы арқылы парафарингеальды түзілімді хирургиялық жолмен сылып тастау жүргізілді. Макропрепарат, көлемі 2,5×3,2 см, тығыз консистенциялы, біртегіс беткейлі ісіктік түзілім.
Нәтижені талқылау. Ісіктің хирургиялық емінде ісіктің орналасуы, таралуы және васкуляризациясына, сондай-ақ оның қоршаған тіндермен (негізгі тамырлармен, жүйке құрылымдарымен және т.б.) байланысына назар аудару керек.
Қорытынды. Қорыта келе ота барысында көп қан кетудің алдын алу үшін іргелес жатқан ірі тамырлардың жай-күйіне мұқият бақылау жүргізу қажет. Парафарингеальды кеңістіктің ісігін жою бойынша ұсынылған операция қан аз жоғалатын және жақсы клиникалық нәтижемен орындалатын, ыңғайлы тәсіл.
Библиографиялық сілтемелер
1. Suleymanov AM, Ubaidullaev MB, Agaidarova GM. A rare case of parapharyngeal tumor of the parotid salivary gland. Meditsinskii vestnik Bashkortostana = Medical Bulletin of Bashkortostan. 2020;15:6(90). (In Russ.)
2. Khafif A, Segev Y, Kaplan DM, Gil Z, Fliss DM. Surgical management of parapharyngeal space tumors: a 10-year review. Otolaryngol Head Neck Surg. 2005 Mar;132(3):401-6. doi: 10.1016/j.otohns.2004.09.062. PMID: 15746851
3. Morozov II. Schwannoma of the parapharyngeal space. Vestnik otorinolaringologii = Bulletin of otorhinolaryngology. 2022;88(3):86–89. (In Russ.). https://doi.org/10.17116/otorino20228803186
4. Allison RS, Van der Waal I, Snow GB. Parapharyngeal tumours: a review of 23 cases. Clin Otolaryngol Allied Sci. 1989 Jun;14(3):199-203. doi: 10.1111/j.1365-2273.1989.tb00361.x. PMID: 2545388
5. Grilli G, Suarez V, Muñoz MG, Costales M, Llorente JL. Parapharyngeal space primary tumours. Acta Otorrinolaringol Esp (Engl Ed). 2017 May-Jun;68(3):138-144. English, Spanish. doi: 10.1016/j.otorri.2016.06.003. PMID: 27663220
6. Caldarelli C, Bucolo S, Spisni R, Destito D. Primary parapharyngeal tumours: a review of 21 cases. Oral Maxillofac Surg. 2014 Sep;18(3):283-92. doi: 10.1007/s10006-014-0451-8. Epub 2014 Apr 24. PMID: 24760123
7. Shkarubo AN, Gizatullin ShKh, Chernov VE, et al. Transoral removal of a giant lipoma of the parapharyngeal space extending to the C1–C4 vertebrae. Neirokhirurgiia = Neurosurgery. 2020;22(2):67-71 (In Russ.)
Жүктелулер
Жарияланды
Шығарылым
Бөлім
Лицензия

Бұл жұмыс бойынша лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Бүкіләлемдік қол жетімді.