ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР ДИНАМИКАСЫН 2019-2023 Ж.Ж. БОЙЫНША САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖАҚСАРТУ ІС-ШАРАЛАРЫ

Авторлар

  • ZhO MAULENOV «Қалалық онкологиялық орталық» ШЖҚ МКҚ,
  • ME ZHANTEYEV «Қалалық онкологиялық орталық» ШЖҚ МКҚ
  • NS AKIMBEKOV «Қалалық онкологиялық орталық» ШЖҚ МКҚ

Кілттік сөздер:

онкология, смертность, заболеваемость, ранняя диагностика, радикальное лечение.

Аннотация

Кіріспе. Әлемдік статистика бойынша онкологиялық аурулар санының күн сайын артып келе жатқандығы белгілі. Өлім деңгейі бойынша да қатерлі ісік салдарынан қайтыс болатындар саны алдыңғы қатарда. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезде баяу, білімсіз дамып, айналасындағы тіндерді зардаптайтындығы, алшақ ағзаларға метастаздар беріп, тез асқынатындығы ауруға ем қонбай, өлімге әкелетіндігі де ғылымға мәлім. Аурудан туындайтын өлім деңгейін азайтудың негізгі жолы ол ауруды ерте анықтап, түбегейлі ем жасау.
Мақсаты. Шымкент қаласы бойынша онкологиялық аурулардың статистикалық мәліметтерін алып, көрсеткіштерді жақсарту амалдарын жасау.
Материал және әдістері. Шымкент қалалық онкологиялық орталық бойынша 2019-2023 жылдар аралығында емделген науқастардың өміршеңдік статистикасы мен өлім деңгейі, мобильді бригада жұмыстары сараланған.
Нәтижесі. Мақалада онко науқастарды ерте анықтап, толыққанды көмек көрсету мәселесі қарастырылған.
Талқылауы. Бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да қатерлі ісік ауруы көбейіп келеді. Сәйкесінше паллиативтік көмекті қажет ететін науқастар саны артып келеді. Шымкент қалалық 2023 жылы бірінші жартыжылдықта паллиативтік көмекке мұқтаж ауыр науқастардың саны 150 науқасты құрады. 2023 жылдың 6 айында 150 ауыр онкологиялық науқасқа қызмет көрсету үшін мобильді топтың келу саны 1394 құрады.
Қорытынды. Осы мақаланы талдай келе, Қазақстанда паллиативтік көмекке айтарлықтай көңіл бөлінгеніне қарамастан, оның физикалық қолжетімділігі мәселесі әлі де өзекті болып қала береді деген қорытындыға келуге болады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Levshin VF. Primary prevention of breast cancer. Profilakticheskaya Meditsina = Preventive medicine. 2021; 24(11):117‑125. (In Russ.) doi. 10.17116/profmed202124111117

2. Drozdova LYu, Ivanova ES, Egorov VA, Rakovskaya YuS, Lishchenko OV. Detection of oncological pathology in target groups of adult population. Profilakticheskaya Meditsina = Preventive medicine. 2021;24(12):84‑88. (In Russ.). doi. 10.17116/profmed20212412184

3. Antipova TV, Melnik MV, Nechaeva OB, Shikina IB, Vechorko VI, Lutseva EM. Evaluation of the effectiveness of medical care in oncological diseases. Sotsialnye aspekty zdorovia naseleniia = Social aspects of public health. 2016;1(47). (In Russ.)

4. Makimbetov EK, Salikhar RI, Tumanbayev AM, Toktanalieva AN, Kerimov AD. Epidemiology of cancer in the world. Sovremennye problemy nauki i obrazovaniia = Modern problems of science and education. 2020;2. (In Russ.). doi. 10.17513/spno.29718

5. Rafiemanesh H, Mehtarpour M, Khani F, Hesami SM, Shamlou R, Towhidi F, Salehiniya H, Makhsosi BR, Moini A. Epidemiology, incidence and mortality of lung cancer and their relationship with the development index in the world. J Thorac Dis. 2016 Jun;8(6):1094-102. doi: 10.21037/jtd.2016.03.91. Erratum in: J Thorac Dis. 2019 Feb;11(2):E24. PMID: 27293825; PMCID: PMC4886020

6. WHO. Cancer. Available from: https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/cancer. 30.05.2019

7. Kaidarova DR, Chingisova ZhK, et al. Pokazateli onkologicheskoi sluzhby Respubliki Kazakhstan. Statisticheskie materialy. [Indicators of the oncological service of the Republic of Kazakhstan. Statistical materials]. Almaty, 2018. P. 95-162

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-31

Шығарылым

Бөлім

Articles