ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАЙТЫС БОЛҒАННАН КЕЙІНГІ ДОНОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІН ЗЕРДЕЛЕУ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-219-220-9-10-2-10##semicolon##
ағзаларды транспланттау##common.commaListSeparator## донор##common.commaListSeparator## Қазақстан халықтың пікірі##article.abstract##
Мақсаты. Органдары терминалдық ауруларға ұшыраған трансплантацияға мұқтаж пациенттердің өмірін құтқару үшін ағзалардың өлімнен кейінгі донорлығы туралы Қазақстан халқының пікірін анықтау.
Материал және әдістері. Анонимді онлайн-сауалнама түрінде сауалнама жүргізілді. Біздің зерттеуге 1176 адам қатысты, олардың 309-ы еркек және 867-і әйел жынысты. Сауалнамаға еліміздің әр аймағының азаматтары, әр түрлі ұлт өкілдері қатысты, қатысушылардың орташа жасы 38,7±1 жасты (18-73 жас) құрады.
Нәтижелері және талқылауы. Қайтыс болғаннан кейін донор болуға 422 қатысушы (36%) келісті, 644 (55%) қатысушы донорлықтан бас тартты. Таңдау жасауға 88 (7,6%) қатысушы күмән танытқан, қалған 22 қатысушы бұл сұраққа жауап бермеді.
Сауалнама жүргізу барысында сұралғандардың 1176-сы, 991(84%) қатысушы елде ағзаларды транспланттау жүргізіліп жатқанын біледі, оның ішінде 384 (38,7%) қатысушы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келіседі, ал 607 (61,2%) қатысушы қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартады.
185 (16%) қатысушы елде ағзаларды транспланттау жүргізіліп жатқаны туралы хабардар емес, оның ішінде 49 (26,5%) қатысушы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келіседі, ал 136 (73,5%) қатысушы қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтан бас тартады.
Нәтижесінде, ақпараттандырылған қатысушылар 38,7% жағдайда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісті, ақпараттандырылмаған қатысушылар 26,5% жағдайда ғана келісті.
Қорытынды. Қазақстанда мәйіттік донордан ағзаларды транспланттауды дамыту үшін еліміздің ірі транспланттау орталықтарында ағзаларды транспланттаудың жүргізілетіні туралы халықты хабардар ету, оның үстіне болашақтағы нәтижелері жақсы болса, Қазақстан Республикасының ағзаларды транспланттау туралы заңдары туралы халықты хабардар ету қажет. Халық үшін қауіпсіздік кепілі мен ел Үкіметінің зор қолдауы өте маңызды.
Бұдан басқа, Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донор ағзаларын транспланттауды дамыту еліміздің халқына ғана байланысты емес, сондай-ақ көп нәрсе мемлекет үкіметінің әлеуметтік, моральдық-этикалық, экономикалық, гуманитарлық қолдауына тәуелді болып отыр.
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларды транспланттау жоғары деңгейдегі кәсіби және материалдық жағы қамтамасыз етілген және басқарудың барлық деңгейлерінде үйлестірілген іс-қимылды талап ететін медициналық көмектің ең күрделі түрлерінің бірі болып табылады. Бұл сала қоғамның, үкіметтің қолдауынсыз, сондай-ақ халықтың өлімнен кейінгі донорлыққа деген оң көзқарасынсыз дами алмайды.
##submission.citations##
Gloria de la Rosa, Constantino Fondevila, Miquel Navasa. Liver transplantation in Spain. Liver transplantation. 2016;22:1259- 1264. AASLD. DOI: 10.1002/lt.24484
Vathsala A. Improving Cadaveric Organ Donation Rates in Kidney and Liver Transplantation in Asia. Transplant Proc. 2004;36(7):1873-5. DOI: 10.1016/j.transproceed.2004.08.131
Toshimi Kaido, Shinji Uemoto. Does living donation have advantages over deceased donation in liver transplantation? J Gastroenterol Hepatol. 2010 Oct;25(10):1598-603. DOI: 10.1111/j.1440- 1746.2010.06418.x. PMID: 20880167
Vivek Kute, Vasanthi Ramesh, Sunil Shroff, Sandeep Guleria, Jai Prakash. Deceased-Donor Organ Transplantation in India: Current Status, Challenges, and Solutions. Exp Clin Transplant. 2020;18(2):31-42. DOI: 10.6002 / ct.rlgnsymp2020.L6. PMID: 32758118
Hibi T, Wei Chei AK, Chan A, Bhangui P. Current Status of Liver Transplantation in Asia. International Journal of Surgery (London, England). 2020;825:4-8. DOI: 10.1016/j.ijsu.2020.05.071
Daniel Zamora-Valdes, Pilar Leal-Leyte, Peter T.W. Kim, GiulianoTesta. Fighting Mortality in the Waiting List: Liver Transplantation in North America, Europe, and Asia. Annals of Hepatology. 2017;16(4):480-486. DOI: 10.5604/01.3001.0010.0271
S Ali Malek-Hosseini, Ali Jafarian, Saman Nikeghbalian, et al. Liver Transplantation Status in Iran: A Multi-center Report on the Main Transplant Indicators and Survival Rates. Arch Iran Med. 2018 Jul 1;21(7):275-282. PMID: 30041524
Akash Shukla, Hemant Vadeyar, Mohamed Rela, and Samir Shah. Liver Transplantation: East versus West. J Clin Exp Hepatol. 2013 Sep;3(3):243–253. DOI: 10.1016/j.jceh.2013.08.004. PMCID: PMC3940244 PMID: 25755506
Ahad J Ghods. Current status of organ transplant in Islamic countries. Exp Clin Transplant. 2015;13(1):13-7. PMID: 25894121.
Ahad J. Ghods. The History of Organ Donation and Transplantation in Iran. Exp Clin Transplant. 2014;12(1):38-41. DOI: 10.6002/ect.25liver.l29
Kamran B. Lankarani, Seyed Ali Malek Hosseini. The Status of Liver Transplantation in the Middle East. Clin Liver Dis (Hoboken). 2019;14(6):215-218. DOI: 10.1002/cld.889
F A M Shaheen, M Z Souqiyyeh. Increasing organ donation rates from Muslim donors: lessons from a successful model. Transplant Proc. 2004 Sep;36(7):1878-80. DOI: 10.1016/j.transproceed.2004.08.090. PMID: 15518682
Republican Center for the Coordination of Transplantation and High-Tech Medical Services M3 RK. Available from: info@ transplant.kz