АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК – МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАСЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ГЛАУКОМА САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КӨЗ МҮГЕДЕКТІГІ

##article.authors##

  • Tynyskul S TELEUOVA «Казақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ
  • Farida E ZHUMAGELDIYEVA «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК,
  • Zhanar B MEYRMANOVA «Казақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ
  • Jamilya E ISSAKHANOVA «OFTALMO-MEDICAL» офтальмологиялық клиникасы
  • Indira B TNALIEVA «Казақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ

##semicolon##

https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-219-220-9-10-39-43

##semicolon##

глаукома##common.commaListSeparator## ашық бұрышты##common.commaListSeparator## жабық бұрышты##common.commaListSeparator## екіншілік##common.commaListSeparator## туа пайда болған##common.commaListSeparator## мүгедектік топтары##common.commaListSeparator## көру жүйесі мүгедектігі

##article.abstract##

лаукома көз зағиптығының және де қайтымсыз көз соқырлығының негізгі себептерінің бірі. Нашар көргіштік пен соқырлықтың алдын алу, денсаулық сақтау саласы мен біріншілік медикалық – әлеуметтік көмектің экономикаға қосқан тиімді үлесі болар еді. А.П. Нестеровтың (2008) деректері бойынша, «глаукома» сөзі созылмалы ағымға ие және болжамы елеулі көз ауруларының үлкен тобын біріктіреді.
Қазақстанда тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесіне глаукоманың ғылыми және техникалық жетістіктерін енгізіліп жатқанына қарамастан, глаукомадан соқыр болып жатқан науқастар саны азаяр емес.
Мақсаты. Алматы қаласы бойынша глаукомадан болған көз зағиптығының үш жылдық (2016 – 2018 жж.) мәліметтерін талдау.
Материал және әдістері. Алматы қаласының медикалық –әлеуметтік сараптама мәліметтері бойынша 2016-2018 жылдар аралығындағы біріншілік көз мүгедектігі зерттелді. 2016 жылы көру бойынша 948 алғашқы мүгедектіктің 204-інде глаукома диагнозы қойылған, 2017 жылы тиісінше 1331 пациенттің 279-ында, ал 2018 жылы 1018 мүгедектің 256-ында глаукома диагнозы қойылған. Үш жылдың ішінде глаукома бойынша 739 мүгедектің деректері талданды.
Нәтижелері және талқылауы. Көз мүгедектігінің топтарына салыстырмалы талдау жасағанда анықталғандай, зерттеу жасалған жылдар бойынша біріншілік ашықбұрышты глаукома мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылды. Сәйкесінше жақсы көретін көздің көру өткірлігі коррекциямен 0-ден 0,04 аралығында болды. Бұған қоса, көз мүгедектігінің біріншілік тобы жылдан жылға өсіп отырды, яғни 2016 жылы 68,7% 2018 жылы 86,8% жоғарыласа, керісінше екінші топтың нәтижелері азайған 80,7% (2016) 67,3% (2018). Терминалды сатысы да 89,5% -тен 59,1%-ке дейін төмендеген болса, ал үшінші топтың көрсеткіштері сәйкесінше 65,0% – 71,2% және 76,3% - 80,5% құрады. Үшінші топ мүгедектігінің өсу көрсеткіші төмен 65,0% -тен 71,2%-ке дейін).
Зерттеліп отырған жылдар ішінде мүгедектік топтарын талдау нәтижесінде алдынғы орынды ашық бұрышты глаукома иеленсе, ал келесі орынды біріншілік жабық бұрышты, екіншілік және туа пайда болған глаукома алып отыр. Айта кететіні туа пайда болған глаукома 2017 жылдан бері азая бастаған (3,2%-тен 1,2%-ке).
Қорытынды. Аурудың түрі мен сатысына (терминалды сатысынан басқа) қарамастан, бастапқы глаукомамен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтау және бақылау, ұдайы демеуші терапияны жүргізу, жылына кемінде екі рет тұрғылықты жері бойынша жалпы қаралу, әсіресе тамыр ауруларын емдеу түптеп келгенде көру функцияларын сақтауға және көру бойынша мүгедектер санын азайтуға ықпал етер еді.

##submission.citations##

International Classification of Diseases. 10th revision // World Health Organization. - 1989-Geneva: Medicine, 2003. Vol. 1. Section VII

Nesterov AP. Glaukoma [Glaucoma]. M.: MNA; 2008. 360 с. ISBN: 978-5-9986-0151-4

Libman ES, Shakhova EV, Chumaeva EA. Zabolevaemost i invalidnost vsledstvie glaukomy v Rossii. Potrebnost v reabilitatsii. 7-oi Sieezd oftalmologov [Morbidity and disability due to glaucoma in Russia. The need for rehabilitation. 7th Congress of Ophthalmologists]. Moscow; 2000. P. 209 - 215

Dikambaeva MK. Struktura slepoty i prichiny invalidnosti pri glaukome. Sbornik nauchnykh trudov mezhdunarodnoi konferentsii «Aktualnye problemy oftalmologii». Aktualnye voprosy kliniki, diagnostiki i lecheniia glaznykh boleznei. Materialy nauchnogo kongressa oftalmologov, posviashchennogo 75-letiiu Kazakhskogo NII glaznykh boleznei 25-26 sentiabria [The structure of blindness and the causes of disability in glaucoma. Collection of scientific papers of the international conference "Actual problems of ophthalmology". Topical issues of the clinic, diagnosis and treatment of eye diseases. Materials of the Scientific Congress of Ophthalmologists dedicated to the 75th anniversary of the Kazakh Research Institute of Eye Diseases on September 25-26]. Almaty; 2003. P. 78 - 80

Botabekova TK, Kramorenko YS, Islamova SE. Dinamika invalidnosti vsledstvie glaukomy v Respublike Kazakhstan. Aktualnye voprosy kliniki, diagnostiki i lechenie glaznykh boleznei. Materialy nauchnogo kongressa oftalmologov, posviashchennogo 75-letiiu Kazakhskogo NII glaznykh boleznei 25-26 sentiabria [Dynamics of disability due to glaucoma in the Republic of Kazakhstan. Topical issues of the clinic, diagnosis and treatment of eye diseases. Materials of the Scientific Congress of Ophthalmologists dedicated to the 75th anniversary of the Kazakh Research Institute of Eye Diseases on September 25-26]. Almaty; 2008. P. 104 - 107

##submission.downloads##

##submissions.published##

2020-11-24

##issue.issue##

##section.section##

Articles