ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІРНЕШЕ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ COVID-19 ІНДЕТІНІҢ ӨРШУ СЕРИЯСЫ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-217-218-7-8-8-12##semicolon##
COVID-19##common.commaListSeparator## өршу##common.commaListSeparator## Қазақстан##article.abstract##
COVID-19 – бұл негізінен тыныс алу жүйесін зақымдайтын және өкпе жеткіліксіздігін тудыратын ауыр ауру. Ауру әлемде, соның ішінде Қазақстанда да кең таралды. 2020 жылғы 13 наурыздан 30 қыркүйекке дейін Республикада COVID-19 індетінің 107 979 зертханалық расталған жағдайы тіркелген.
Зерттеудің мақсаты Қазақстанның Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының бес елді мекеніндегі COVID-19 індетінің эпидемиологиялық сипаттамаларын беру болды.
Әдістер. 2020 жылдың 31 мамыры мен 2020 жылдың 6 маусымы аралығында Маңғыстау облысында бірнеше COVID-19 өршу жағдайының эпидемиологиялық сипаттамаларын зерттеу және жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін сипаттамалық айқас-зерттеу жүргізілді.
Алынған нәтижелері. Маңғыстау облысында, мұнай өндіру аумағында COVID-19 бес өршу жағдайы тіркелді: екеуі Бейнеу ауданында (Бейнеу кенті және Боранқұл ауылы), біреуі Қарақия ауданында (Сенек ауылы), екеуі екеуі "Қаламқас" және "Жетібай" мұнай кен орындарында, бұнда екіден 100 жағдайға дейін ауру ошақтары болды.
Талқылауы. Аурудың таралуының негізгі себебі мұнай кен орны қызметкерлерінің көптеп әрі тығыз жиналуы болған, бұл кен орнының вахталық қалашықтарының қызметкерлері арасында өршу жағдайының тіркелуіне әсер етті. Сондай-ақ, инфекцияның таралуына вахталық кенттер арасында қызметкерлердің белсенді қозғалысы, блок-бекеттерде және жергілікті госпитальдарда жұмыс істеу үшін ЖҚҚ пайдалану тәжірибесі жоқ медицина қызметкерлерін тарту, сондай-ақ қатысушылар тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдаланбаған жерлеуде COVID-19 расталған жағдайының болуы әсер етті.
Қорытынды. Осы мақалада 2020 жылғы мамыр-маусым аралығындағы кезеңде Қазақстанның Маңғыстау облысының мұнай өндіру аймағында орналасқан бес елді мекенде өршу сериясының эпидемиологиялық ерекшеліктері сипатталады. Бейнеу ауданындағы CОVID-19 науқастарының экспоненциалды артуына мұнай өндіретін аудандардың асханалары мен жатақханаларда вахтамен істейтіндердің науқастануы және қосымша түрде инфекцияның жергілікті тұрғындар мен ауруханаларда таралуы әсер еткен секілді.
##submission.citations##
Shi Y, Wang G, Cai X-P, et al. An overview of COVID-19.
J Zhejiang Univ-Sci B (Biomed Biotechnol). 2020;21(5):343–360. DOI: 10.1631/jzus.B2000083
Ahn D-G, Shin H-J, Kim M-H, et al. Current status of epidemiology, diagnosis, therapeutics, and vaccines for novel coronavirus disease 2019 (COVID-19). J. Microbiol. Biotechnol. 2020;30(3):313–324. DOI: 10.4014/jmb.2003.03011
Malik YA. Properties of coronavirus and SARS-CoV-2. Malays J Pathol. 2020;42(1):3–11
Lai CC, Wang C-Y, Wang Ya-H, et al. Global epidemiology of coronavirus disease 2019 (COVID-19): disease incidence, daily cumulative index, mortality, and their association with country healthcare resources and economic status. Int. J. Antimicrob. Agents. 2020;55(4):105946. DOI: 10.1016/j.ijantimicag.2020.105946
Maukayeva S, Karimova S. Epidemiologic Character of COVID-19 in Kazakhstan: A Preliminary Report. North Clin Istanb. 2020;7(3):210–213. DOI: 10.14744/nci.2020.62443
Semenova Yu, Glushkova N, Pivina L, et al. Epidemiological characteristics and forecast of COVID-19 outbreak in the republic of Kazakhstan. J Korean Med Sci 2020;35(24):e227. DOI: 10.3346/jkms.2020.35.e227