ҚАЗАҚСТАНДА СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫ БОЙЫНША ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІН БАҒАЛАУ

##article.authors##

  • Nurbek S IGISSINOV «Қатерлі ісікті зерттеу Еуразиялық институты» ҚБ
  • Asem Ya TOGUZBAYEVA «Central Asian Cancer Institute»
  • Gulnur S IGISSINOVA Central Asian Cancer Institute
  • Zarina А BILYALOVA Central Asian Cancer Institute

##semicolon##

https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-211-212-1-2-16-20

##semicolon##

сүт безі обыры##common.commaListSeparator## аурушаңдық##common.commaListSeparator## өлім##common.commaListSeparator## ерте диагностика##common.commaListSeparator## асқыну##common.commaListSeparator## морфологиялық асқыну

##article.abstract##

Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің болжамы бойынша 2040 жылы сүт безі обырының (СБО) 3 миллионға жуық жаңа жағдайы болжануда және 1 миллионға жуық әйел осы патологиядан қаза болады деп күтілуде. Қазақстан Республикасында СБО көрсеткіштерін зерттеу кезінде елдегі жүргізілетін маммологиялық скринингтің тиімділігін анықтауға және бағалауға болады.
Зерттеудің мақсаты. 2009-2018 жж. Қазақстандағы СБО байланысты онкологиялық қызметтің кейбір көрсеткіштерін бағалау.
Материал және әдістері. Зерттеу материалдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері –СБО-на (АХЖ 10-С50) қатысты 2009-2018 жж. жылдық №7 және №35 нысандар – аурушаңдық, өлім, ерте диагностика, асқыну, морфологиялық верификация. Негізгі әдіс ретінде медициналық-биологиялық статистиканың дескриптивтік және аналитикалық әдістерін қолдана отырып ретроспективті зерттеу қолданылды.
Нәтижелері және талқылауы. 2009-2018 жылдары республикада алғаш рет 40 199 жаңа СБО жағдайлары және 12 971 өлім тіркелген. СБО аурушаңдығының орташа жылдық дөрекі көрсеткіші 45,4±1,40/0000 (95% ДИ=42,8-48,1) құрады және динамикада 39,5±0,70/0000 (2009 ж.) бастап 49,6±0,70/0000 дейін өсті, айырмашылық статистикалық маңызды болды (t=10,2 және р=0,000). Динамикада СБО-нан өлім-жітім көрсеткіштері 16,5±0,40/0000 (2009 ж.) бастап 2018 жылы 12,0±0,40/0000 дейін статистикалық мәні бар (t=7,95 және р=0,000) төмендеуге ие болды, ал СБО-нан өлім-жітімнің орташа жылдық дөрекі көрсеткіші 14,8±0,50/0000 (95% ДИ=13,7-15,8) құрады. Ерте диагностика көрсеткіштері (I-II сатысы бар науқастардың үлес салмағы) 71,1%-дан (2009 ж.)
2018 жылы 87,6%-ға дейін жақсарды, зерттелетін жылдары III сатыдағы (22,2%-дан 8,6%-ға дейін) және IV сатыдағы (6,4%-дан 3,6%-ға дейін) науқастардың үлес салмағы төмендеді, яғни асқыну көрсеткіштері төмендеуде. СБО кезінде морфологиялық верификация көрсеткіштері әрдайым жоғары болды және зерттелген жылдары 93,4%-дан 99,1%-ға дейін жақсарды.
Қорытынды. СБО бойынша онкологиялық қызмет көрсеткіштерін талдау нәтижесінде морфологиялық верификация және ерте диагностика көрсеткіштерінің жақсаруы, өлім-жітім үрдісі мен асқыну көрсеткіштерінің төмендеуі белгіленді, бұл сөзсіз Қазақстанда үздіксіз жүргізіліп жатқан қатерлі ісікке қарсы іс-шаралармен байланысты.

##submission.citations##

Ferlay J, Ervik M, Lam F, Colombet M, Mery L, Piñeros M, Znaor A, Soerjomataram I, Bray F (2018). Global Cancer Observatory: Cancer Today. Lyon, France: International Agency for Research on Cancer. Available from: https://gco.iarc.fr/today, accessed 19 December 2019.

Bray F, Ferlay J, Soerjomataram I, Siegel RL, Torre LA, Jemal A (2018). Global cancer statistics 2018: GLOBOCAN estimates of incidence and mortality worldwide for 36 cancers in 185 countries. CA Cancer J Clin. 68(6):394–424. DOI.10.3322/caac.21492. PMID: 30207593

Ferlay J, Colombet M, Soerjomataram I, Mathers C, Parkin DM, Piñeros M, Znaor A, Bray F (2019). Estimating the global cancer incidence and mortality in 2018: GLOBOCAN sources and methods. Int J Cancer. 144(8):1941–1953. DOI. 10.1002/ijc.31937. PMID: 30350310

Semiglazov VF, Nurgaziev KSh, Arzumanov AC. Opukholi molochnoy zhelezy (lecheniye i profilaktika) [Breast tumors (Treatment and Prevention)]. – Alma-Ata; 2001. 88 p.

Pak DD, Rasskazova EA, Ermoshchenkova MV. Rak molochnoy zhelezy [Breast cancer]. – Moscow: Triad-X; 2010. 162 p.

Rasskazova EA, Rozhkova NI. Screening for early diagnosis of breast cancer. Issledovaniia i Praktika v Meditsine. = Research and Practice in Medicine. 2014;1:45-51 (In Russ.)

American Cancer Society. Breast Cancer Early Detection and Diagnosis. Available from: https://www.cancer.org/cancer/breast- cancer/screening-tests-and-early-detection.html accessed 19 December 2019

Merkov AM, Polyakov LE. Sanitarnaya statistika [Sanitary statistics]. Leningrad: Medicine; 1974. 384 p.

Glanc S. Mediko-biologicheskaya statistika [Biomedical statistics]. Moscow: Practice; 1999. 460 p.

##submission.downloads##

##submissions.published##

2020-02-07

##issue.issue##

##section.section##

Articles

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##