ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСҚАЗАН ОБЫРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕЙБІР КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-211-212-1-2-21-25##semicolon##
асқазан обыры##common.commaListSeparator## аурушаңдық##common.commaListSeparator## өлім-жітім##common.commaListSeparator## ерте диагностика##common.commaListSeparator## асқыну##common.commaListSeparator## морфологиялық верификация##article.abstract##
Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің болжамы бойынша 2040 жылы асқазан обырының (АО) 1,8 миллионға жуық жаңа жағдайы болжануда және 1,4 миллионға жуық адам осы патологиядан қаза болады деп күтілуде. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында АО (асқазан обыры) бойынша онкологиялық қызмет көрсеткіштеріне талдау жүргізілді, ол жүргізілген обырға қарсы іс-шараларды бағалауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты. 2009-2018 жж. Қазақстандағы АО байланысты онкологиялық қызметтің кейбір көрсеткіштерін бағалау.
Материал және әдістері. Зерттеу материалдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері –АО-на (АХЖ 10-С16) қатысты 2009-2018 жж. жылдық № 7 және 35 үлгілер – аурушаңдық, өлім, ерте диагностика, асқыну, морфологиялық верификация. Негізгі әдіс ретінде медициналық-биологиялық статистиканың дескриптивтік және аналитикалық әдістерін қолдана отырып ретроспективті зерттеу қолданылды.
Нәтижелері және талқылауы. 2009-2018 жылдары республикада 27 468 жаңа АО жағдайлары және 19 672 өлім тіркелген. АО аурушаңдығының орташа жылдық шамаланған көрсеткіші 16,1±0,20/0000 (95% СИ=15,7-16,5) құрады және динамикада 16,8±0,30/0000-тен (2009 ж.) 15,1±0,30/0000 -ке дейін төмендеу үрдісіне ие болды, айырмашылық статистикалық маңызды болды (t=4,01 және р=0,000). Динамикада АО-нан өлім-жітім көрсеткіштері 14,0±0,30/0000-тен (2009 ж.) 2018 жылы 8,9±0,20/0000-ке дейінгі статистикалық мәні бар (t=12,02 және р=0,000) төмендеу үрдісіне ие болды, ал АО-нан өлім-жітімнің орташа жылдық шамаланған көрсеткіші 11,6±0,60/0000 (95% СИ=10,5-12,7) құрады. Зерттелетін кезеңді зерделеу кезінде мынадай тенденция анықталады: ерте диагностиканың көрсеткіштері (I-II сатысы бар науқастардың үлес салмағы) 24,5%-дан (2009 ж.) 2018 жылы 41,3%-ға дейін жақсарды және тиісінше асқынған науқастардың үлес салмағының көрсеткіштері III сатыдан (46,2%-дан 41,1%-ға дейін)және IV сатыдан (29,3%-дан 17,5%-ға дейін) айтарлықтай азайды.
Қорытынды. АО-на қатысты онкологиялық қызмет көрсеткіштерін талдау нәтижесінде морфологиялық верификация және ерте диагностика көрсеткіштерінің жақсаруы, асқынулар мен өлім көрсеткіштерінің төмендеуі анықталды, бұл Қазақстанда жүргізілген обырға қарсы іс-шараларды, соның ішінде 2012-2016 жж. өткізілген скринингті оң тарапынан сипаттайды.
##submission.citations##
Ferlay J, Ervik M, Lam F, Colombet M, Mery L, Piñeros M, Znaor A, Soerjomataram I, Bray F (2018). Global Cancer Observatory: Cancer Today. Lyon, France: International Agency for Research on Cancer. Available from: https://gco.iarc.fr/today, accessed 19 December 2019.
Bray F, Ferlay J, Soerjomataram I, Siegel RL, Torre LA, Jemal A. Global cancer statistics 2018: GLOBOCAN estimates of incidence and mortality worldwide for 36 cancers in 185 countries. CA Cancer J Clin. 2018;68(6):394–424. https://doi.org/10.3322/caac.21492. PMID:30207593
Ferlay J, Colombet M, Soerjomataram I, Mathers C, Parkin DM, Piñeros M, Znaor A, Bray F (2019). Estimating the global cancer incidence and mortality in 2018: GLOBOCAN sources and methods. Int J Cancer. 144(8):1941–1953. https://doi.org/10.1002/ijc.31937 PMID:30350310
Graham DY. Helicobacter pylori update: gastric cancer, reliable therapy, and possible benefits. Gastroenterology. 2015;148(4):719-31.e3. DOI: 10.1053/j.gastro.2015.01.040.
Sugano K, Tack J, Kuipers EJ, Graham DY, El-Omar EM, Miura S, et al. Kyoto global consensus report on Helicobacter pylori gastritis. Gut. 2015;64(9):1353-67. DOI: 10.1136/gutjnl-2015-309252.
Asaka M, Kato M, Sakamoto N. Roadmap to eliminate gastric cancer with Helicobacter pylori eradication and consecutive surveillance in Japan. J Gastroenterol. 2014;49(1):1–8. DOI: 10.1007/s00535-013-0897-8
Asaka M. A new approach for elimination of gastric cancer deaths in Japan. Int J Cancer. 2013;132(6):1272-6. DOI: 10.1002/ijc.27965
Schistosomes, Liver Flukes and Helicobacter Pylori. IARC Working Group on the Evaluation of Carcinogenic Risks to Humans. Lyon, 7-14 June 1994. IARC Monogr Eval Carcinog Risks Hum. 1994;61:1-241. PMID: 7715068
Plummer M, Franceschi S, Vignat J, Forman D, de Martel C. Global burden of gastric cancer attributable to Helicobacter pylori. Int J Cancer. 2015;136(2):487-90. DOI: 10.1002/ijc.28999
Graham DY, Asaka M. Eradication of gastric cancer and more efficient gastric cancer surveillance in Japan: two peas in a pod. J Gastroenterol. 2010;45(1):1-8. DOI:10.1007/s00535-009-0117-8
Rugge M. Gastric cancer risk in patients with Helicobacter pylori infection and following its eradication. Gastroenterol Clin N Am. 2015;44(3):609-24. DOI:10.1016/j.gtc.2015.05.009
Merkov AM, Polyakov LE. Sanitarnaya statistika [Sanitary statistics]. Leningrad: Medicine; 1974. 384 p.
Glanc S. Mediko-biologicheskaya statistika [Biomedical statistics]. Moscow: Practice; 1999. 460 p.
##submission.downloads##
##submissions.published##
##issue.issue##
##section.section##
##submission.license##
##submission.copyrightStatement##
##submission.license.cc.by4.footer##