ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН КҮЙДІРГІ ТАРАЛҒАН ТОПЫРАҚТЫ ОШАҚ АУМАҒЫНДА АУРУДЫ ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІН БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-211-212-1-2-40-46##semicolon##
сібір жарасы##common.commaListSeparator## топырақ ошағы##common.commaListSeparator## жұқтыру қауп##common.commaListSeparator## санитарлық-қорғау аймағы##article.abstract##
Қазақстан Республикасы (ҚР) экономикасының құрылымында соңғы статистикалық деректер бойынша өнеркәсіптің даму қарқыны байқалады. Аймақтар бойынша алар болсақ, өнеркәсіп өндірісінің өсімі 16 өңірдің 14-інде қамтамасыз етілген. Тау-кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 2,9%-дан астамын және экономикадағы жалпы қосылған құнның 18%-ын қамтамасыз етеді. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы жаңа аумақтарды игеруді талап етеді, бұл жиі жағдайда сібір жарасының топырақ ошақтарының (күйдіргіден қырылған мал көмілген орындар) болуына байланысты қиынға соғады. Қазақстан аумағы сібір жарасы жағынан қолайсыз аумақ болып саналады. Сібір жарасының топырақ ошақтарының болуына байланысты инфекцияны толық жою мүмкін емес.
Мақала сібір жарасының топырақ ошағы аумағында адамдар мен жануарлардың ауруды жұқтыру қаупін және өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің дамуына байланысты санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) қысқаруы мүмкіндігін бағалауға арналған.
Мақсаты. Өнеркәсіптік объектіде орналасқан сібір жарасы топырақ ошағының СҚА-ын қауіпсіз қысқаруын ғылыми негіздеу үшін сібір жарасы бар топырақ ошағы аумағында адамдар мен жануарлардың ауруды жұқтыру қаупін бағалау, топырақ, жер асты сулары сынамаларына зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізу.
Әдістері. Сынамаларды және жер асты суларын іріктеу жұмыстары әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жүргізілді. Сынамалардан алынған штаммдардың қасиеттері жалпы қабылданған әдістемелерге сәйкес зерттелді. Қойылған мақсатқа жету үшін сібір жарасы қоздырғышының болуы-болмауын анықтау мақсатында сынамаларды зерттеуде мынадай әдістер қолданылды: бактериологиялық, биологиялық, серологиялық (МФА, РНГА-РТНГА), генетикалық (ПТР). Жұқтыру қаупін бағалау топырақ ошағының аумағында жүргізілді (Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы). Ол үшін сібір жарасына қатысты эпизоотикалық және эпидемиялық жағдай бойынша деректер пайдаланылды.
Нәтижелерi және талқылауы. Топырақ, жер үсті және жер асты суларына кешенді зерттеу жүргізілді. Хоттингер агарында егісте топырақ сынамаларын бактериологиялық зерттеу кезінде шеттері тегіс емес және шашақ тәрізді өсінділері бар жекелеген ірі тегіс күңгірт-сұр жүнді колониялар табылды. Белгілі болғандай, барлық анықталған изоляттар топырақты минералдандыруға қатысатын Bacillus cereus типтік топырақ микроорганизмдері болып табылады. Сынамаларда күйдіргі қоздырғышы анықталмаған.
Біз сібір жарасының топырақ ошағы аумағында адамдар мен жануарлардың ауруды жұқтыру қаупін бағаладық. Анықталғандай, топырақ ошағы орналасқан Ақтөбе облысының Хромтау ауданы аумағында, яғни өнеркәсіптік объект аумағында ауруға сезімтал жануарлар мен адамдардың күйдіргіні жұқтыру қаупі төмен.
Қорытынды. Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметін кеңейту мақсатында күйдіргінің топырақ ошағының СҚА-ын қауіпсіз қысқарту туралы мәселені шешу үшін жүйелі түрде үш жыл бойы топырақтың кемінде 200 сынамасын алып, жер асты және жер үсті суларын іріктеу жолымен топырақ ошағы аумағына микробиологиялық мониторинг жүргізуге кеңес беріледі, кейіннен сібір жарасы қоздырғышының болуын зерттеу және адамдар мен жануарлардың инфекция қоздырғышын жұқтыру қаупін бағалау ұсынылады.
##submission.citations##
Lukhnova LYu, Aykimbaev AM, Ospanov KS, Temiralieva GA, Pazylov EK, Gorelov YuM. Profilaktika sibirskoi iazvy v Kazakhstane [Anthrax Prevention in Kazakhstan]. Аlmaty; 2009. 188 p.
Sanitarnye pravila "Sanitarno-epidemiologicheskie trebovaniia po ustanovleniiu sanitarno-zashchitnoi zony proizvodstvennykh obieektov", prikaz Ministra natsionalnoi ekonomiki Respubliki Kazakhstan ot 20 marta 2015 goda № 237. [Sanitary Regulations "Sanitary and Epidemiological Requirements for Establishing the Sanitary Protection Zone of Production Facilities", Order of the Minister of National Economy of the Republic of Kazakhstan dated March 20, 2015 No. 237]. Available from: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31910631
Sultanov AA, Gorelov YuM, Suschiy VYu, et al. Pochvennye ochagi sibirskoi iazvy. Poriadok organizatsii i provedeniia meropriiatii po podgotovke prob k issledovaniiu (metodicheskie rekomendatsii) [Soil foci of anthrax. The procedure for organizing and conducting activities for the preparation of samples for research (guidelines). Аlmaty; 2015. 53 p.
Prikaz MZ RK i MSKh RK № 725/575 ot 07.10.04 g. «Ob usilenii meropriiatii po profilaktike sibirskoi iazvy v Respublike Kazakhstane. [Order of the Ministry of Health of the Republic of Kazakhstan and the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan No. 725/575 of 10/07/04 “On strengthening measures for the prevention of splenic fever in the Republic of Kazakhstan]. Available from: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1052099
Lukhnova LYu, Izbanova UА, Meka-Mechenko TV, Nekrasova LE, Atshabar BB, Kazakov VS, Sushchikh VYu, Ospanova GM. Splenic fever in 2016 in Kazakhstan. Meditsina (Almaty) = Medicine (Almaty). 2017;5(179):56-62. (In Russ.)
Atshabar BB, Lukhnova LYu, Meka-Mechenko TV, Sultanov AA, Gorelov YuM, Suschih VL. Organizatsiia sanitarno-protivoepidemicheskikh i protivoepizooticheskikh meropriiatii pri sibirskoi iazve v Respublike Kazakhstan [Organization of sanitary-anti-epidemic and anti-epizootic measures for splenic fever in the Republic of Kazakhstan]. Алматы; 2015. 41 p.
Sanitarno-epidemiologicheskie trebovaniia k organizatsii i provedeniiu sanitarno-protivoepidemicheskikh, sanitarno-profilakticheskikh meropriiatii po preduprezhdeniiu osobo opasnykh infektsionnykh zabolevanii». Prikaz ot 14 dekabria 2018 goda № ҚR DSM-40. Ob utverzhdenii Sanitarnykh pravil [Sanitary and epidemiological requirements for the organization and conduct of sanitary and anti-epidemic, sanitary and preventive measures for the prevention of especially dangerous infectious diseases." Order of December 14, 2018 No. ҚР ДСМ-40. On the approval of the Sanitary Regulations. Available from: https://zakon.uchet.kz/rus/docs/V1800017995