СОЗЫЛМАЛЫ АУТОИММУНДЫ ТИРЕОИДИТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДАҒЫ АУТОАНТИДЕНЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРА ЗЕРЕ МАЙЫМЕН ЕМДЕУ ФОНЫНДАҒЫ ДИНАМИКАСЫ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2021-224-2-11-15##semicolon##
аутоиммундық аурулар##common.commaListSeparator## аутоантиденелер##common.commaListSeparator## аутоиммундық тиреоидит##common.commaListSeparator## ем##article.abstract##
Қандағы аутоантиденелердің жоғары мөлшерде болуы бізге субклиникалық гипертиреоздан гипотиреозға дейінгі дамуының белгілі бір кезеңіндегі созылмалы аутоиммундық тиреоидит (САТ) диагнозын қоюға мүмкіндік берді, ем тактикасы осыған байланысты болды. Сонымен қатар, аталған пациенттердегі аутоантиденелердің өзгеруін түзететін арнайы ем жоқ, сол себепті дәрі-дәрмектерді іздеу және нәтижелерді талқылау қажеттілігі туындауда.
Бақылау зерттеуінің мақсаты созылмалы аутоиммундық тиреоидитті емдеу кезінде қара зере майының капсулданған түрін қолдану мүмкіндігін негіздеу болды.
Материал және әдістері. Зерттеуге қалқанша без сырқаты бар 177 науқас қатысты. Олардың ішінде: әйелдер – 60%, ерлер – 40%, науқастардың жасы 18-ден 70 жасқа дейін. Зерттеуді әдеп жөніндегі комитет мақұлдады, барлық пациенттер ақпарат алғаннан кейін зерттеуге қатысу туралы келісімге қол қойды.
ДДҰ-ның қазіргі классификациясы бойынша, барлық науқастар екі топқа бөлінді: І топ (96 адам) 44 жасқа дейінгі жас пациенттер және ІІ топ (81 адам) - 44 жастан бастап, бұл жастан асқандар. Науқастарға гипофиз-қалқанша без гормондарын (ТТГ, еркТ4, еркТ3, ПОАД және ТГ-АД) зерттеу және қалқанша без УДЗ-і жүргізілді. Қара зире майының капсулданған түрімен ем алған барлық науқастарға алдымен ем басталғанға дейін және терапия аяқталғаннан соң 3 айдан кейін қандағы ПОАД және ТГАД деңгейіне бақылау жүргізілді.
Нәтижелері және талқылауы. 1-топта ПОАД шоғырлану деңгейінің оқшауланған артуы – жас пациенттердің 60%-ында, ал 2-топта 44 жастан асқан пациенттердің 40%-ында байқалды. ТГ-АД шоғырлануының деңгейі, керісінше, 2-топта, егде жастағы адамдарда жоғарылағаны назар аудартады. Қан сарысуындағы ПОАД және ТГ-АД шоғырлану деңгейінің бір уақытта жоғарылауы жас пациенттерде байқалды және 57% жағдайды құрады, бұл жас пациенттерде аутоиммундық үдерістің анағұрлым агрессивті жүретіндігін көрсетеді. Кешенді емге «BioHayat» капсулданған қара зере майының иммунтүрлендірушісін қосу созылмалы аутоиммундық тиреоидит кезінде ПОАД және
ТГ-АД деңгейінің төмендеуімен қатар жүреді.
Қорытынды. Қара зире майының капсулданған түрін қолдана отырып, созылмалы аутоиммундық тиреоидитпен ауыратын науқастарға жүргізген бақылау зерттеулеріміз айтарлықтай нәтижелі болып шықты, бұл ПОАД және ТГ-АД титрлері деңгейінің төмендеуінен көрінді, бұл өз кезегінде аутоиммундық үдерістің белсенділігі деңгейінің төмендеуін көрсетеді.
##submission.citations##
Dedov II. Rossiiskie klinicheskie rekomendatsii. Endokrinologiia / pod red. I. I. Dedova, G. A. Melnichenko [Russian clinical guidelines. Endocrinology. ed. by II Dedov, GA Melnichenko]. Moscow: GEOTAR-MED, 2016:592. ISBN 978-5-9704-3683-7.
Bazarbekova RB. Rukovodstvo po endokrinologii detskogo i podrostkovogo vozrasta [Guidelines for endocrinology in childhood and adolescence]. Almaty, 2014:251
Ivanova GP, Gorobets LN Modern ideas about the features of clinical and psychological and immune endocrine interactions in autoimmune thyroiditis. Sotsialnaia i klinicheskaia psikhiatriia = Social and Clinical Psychiatry. 2011; 21(1): 68-75 (In Russ.)
Verbovoy AF, Sharonova LA, Dolgikh YuA. Gipotireoz [Hypothyroidism]. Moscow: GEOTAR-MED, 2016: 80
Garber J.R., Cobin R.H., Gharib H. Clinical practice guidelines for hypothyroidism in adults: Cosponsored by the American Association of Clinical Endocrinologists and the American Thyroid Association. Endocr Tract. 2012;18 (6): 9881028. doi: 10.4158 / EP12280.GL
Melnichenko GA, Lesnikova SV. Standard approaches to the treatment of thyrotoxicosis and hypothyroidism syndromes. Consilium Medicum. Endokrinologiia = Consilium Medicum. Endocrinology. 2000; 2(5):14-17 (In Russ.)
Rud N.K., Sampiev A.M., Davitavyan N.A. The main results of phytochemical and pharmacological studies of the wild cherry. Nauchnye vedomosti. Seriia Meditsina. Farmatsiia = Scientific statements. Medicine series. Pharmacy. 2013; 25 (24): 207-212 (In Russ.)
##submission.downloads##
##submissions.published##
##issue.issue##
##section.section##
##submission.license##
##submission.copyrightStatement##
##submission.license.cc.by4.footer##