МИДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ КЕЗІНДЕГІ ЭНДОКРИНДІК БЕТПЕРДЕЛЕР (клиникалық жағдайлар)

Авторлар

  • ZhZh NURGALIEVA «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті», КеАҚ
  • MM OMAROVA City Clinic No 4
  • IA GERASSIMENKO «AMD» Clinic
  • GE MAKASH Kazakh Research Institute of Cardiology and Internal Diseases

Кілттік сөздер:

қантсыз диабет, ми ісігі, полиурия, полидипсия, гипопитуитаризм, пинеобластома.

Аннотация

Кіріспе. Балалардағы мидың қатерлі ісіктері пангипопитуитаризм жағдайын тудыруы мүмкін, ол гипофиз/гипоталамус қызметінің төмендеуімен байланысты, нәтижесінде бір немесе бірнеше тропикалық гормондар тапшылығы туындайды. Пангипопитуитаризмнің клиникалық көрінісі сол немесе басқа гипофиз гормонының жетіспеушілігіне байланысты. Пангипопитуитаризмді емдеу біріктірілген гормондарды алмастыратын терапияны қамтиды.
Зерттеу мақсаты. Балалардағы эндокриндік көріністерге талдау жүргізу және бас миының қатерлі ісіктері сияқты «өмірге қауіпті жағдайларды» уақытылы диагностикалау үшін мамандандырылған дәрігерлерден «сергектіктің» бастапқы белгілерін анықтау.
Материал және әдістері. Ілеспе эндокриндік аурулары бар пинеобластома диагнозы қойылған баланың ауру тарихын талдау.
Нәтижелер. Операциядан кейінгі кезеңде адекватты аралас терапиямен балаларда мақсатты гормоналды деңгейге қол жеткізуге болады.
Нәтижелерді талқылау. Гормоналды бұзылуларды уақытылы түзету және динамикалық бақылау онкологиялық аурулардың негізгі терапиясымен қатар балалардың физикалық дамуының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуге және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Қорытынды. Талдау нәтижелері бойынша эндокриндік бұзылулармен бірге көру органдарынан шағымдары бар балаларда бас миының қатерлі ісіктері үшін мақсатты «өзекті» диагностиканы жүргізу қажет.

Библиографиялық сілтемелер

1. Tate M, Sughrue ME, Rutkowski MJ, Kane AJ, Aranda D, McClinton L, et al. The long-term postsurgical prognosis of patients with pineoblastoma. Cancer. 2012; 118:173–179. doi: 10.1002/cncr.26300

2. Federalnye klinicheskie rekomendatsii (protokoly) po vedeniiu detei s endokrinnymi zabolevaniiami. [Federal clinical guidelines (protocols) for the management of children with endocrine diseases] / Ed. II Dedov and VA Peterkova. M.: Praktika, 2014. 442 p.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-31

Шығарылым

Бөлім

Articles