ДИАБЕТТІК ТАБАН ЖАРАСЫН ЕМДЕУДЕГІ VERSAJET ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Кілттік сөздер:
қант диабеті, диабеттік аяқ синдромы, VersaJet гидрохирургиялық жүйесі, некроздық тіндер.Аннотация
Өзектілігі. Қант диабеті бар науқастарда табанның іріңді-некроздық зақымданулары жиі кездесіп, ампутация мен мүгедектікке алып келеді. Созылмалы диабеттік жараларда регенерация процесі бұзылып, жараның жазылуы қабыну немесе пролиферация кезеңінде тоқтап қалады. Сондықтан жараны дұрыс және уақытылы әрі тиімді өңдеу – емнің негізгі бөлігі. Қазіргі уақытта жара түбін өңдеудің заманауи әдістері мен технологияларын қолдану ампутация жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді. Солардың бірі – жаңа VersaJet гидрохирургиялық жүйесі.Осы технологияның диабеттік табанның іріңді-некроздық зақымдануларын кешенді емдеуде қолданудың клиникалық тиімділігін бағалау мақсатында зерттеу жүргіздік.
Жұмыстың мақсаты. Диабеттік табан синдромының әртүрлі түрлері бар науқастарда VersaJet гидрохирургиялық жүйесін қолданудың техникалық ерекшеліктері мен клиникалық тиімділігін бағалау.
Материал және әдістері. 2021-2023 жылдары Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасында стационарлық ем қабылдаған 42 науқастың ауру тарихына ретроспективті талдау жүргізілді. Диабеттік табан синдромы бар барлық 42 науқасқа жараны VersaJet жүйесі арқылы хирургиялық өңдеу жасалды. Нейропатиялық түрі – 18 науқаста (42,9%), нейроишемиялық түрі – 24 науқаста (57,1%) анықталған.Қант диабетінің 1-типі 7 науқаста (16,7%), 2-типі 35 науқаста (83,3%) тіркелген.Науқастардың орташа жасы – 56,2 жыл. Жараның орташа ауданы –
10 см², аурудың орташа ұзақтығы – шамамен 12 ай болды.
Нәтижелері және талқылау. VersaJet жүйесі жара бетін жылдам әрі селективті тазартуға мүмкіндік береді, әсіресе дәстүрлі механикалық немесе хирургиялық әдістер жарақат қаупін арттыратын жағдайларда тиімді. Тек бір процедураның өзінде классикалық тәсілдерге қарағанда жақсы нәтижелер беріледі. Гидрохирургиялық өңдеу кешенді терапияның бір бөлігі ретінде ғана тиімді (антибактериалды ем, ісікті азайту, жараны түсіру және т.б.). Көптеген науқастарда орташа ауырсыну байқалып, анестезия қажет болды. Әдістің негізгі артықшылықтары – сау тіндердің минималды зақымдануы, жазылудың жеделдеуі және стационарда болу мерзімінің қысқаруы. Бұл деректер Luca Dalla Paola, Доронина Л.П., Митиш В.А., Галстян Г.Р. зерттеулерімен сәйкес келеді: VersaJet қолданғанда жазылу уақыты 60 күннен 41 күнге, хирургиялық араласу саны 4-тен 2-ге, операция уақыты 7-8 сағаттан 3-4 сағатқа дейін қысқарған.
Қорытынды. Жоғары құнына қарамастан, VersaJet гидрохирургиялық жүйесі диабеттік табан кезінде созылмалы инфекцияланған жараларды емдеуде тиімді, тіндерді сақтауға ықпал етеді, қан жоғалтуды азайтады және оны іріңді хирургияда, күйік емінде және пластикалық хирургияда сәтті қолдануға болады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Митиш В.А., Галстян Г.Р., Доронина Л.П. Первый опыт использования гидрохирургической системы Versajet у больных сахарным диабетом с длительно незаживающими язвенными дефектами стоп // Эндокринная хирургия. 2008;1(2):23–24
2. McCardle JE. Versajet hydroscalpel: treatment of diabetic foot ulceration // Br J Nurs. 2006 Aug 10-Sep 13;15(15):S12-7. doi: 10.12968/bjon.2006.15.Sup3.21695. PMID: 16936595
3. Klein MB, Hunter S, Heimbach DM, Engrav LH, Honari S, Gallery E, Kiriluk DM, Gibran NS. The Versajet water dissector: a new tool for tangential excision // J Burn Care Rehabil. 2005 Nov-Dec;26(6):483-7. doi: 10.1097/01.bcr.0000185398.13095.c5. PMID: 16278562
4. Lonergan I, Moquin K. Use of the VersaJet for pedicle deepithelialization during breast reduction surgery // Aesthetic Plast Surg. 2009 Mar;33(2):250-3. doi: 10.1007/s00266-008-9217-8. Epub 2008 Aug 28. PMID: 18752023
5. Sainsbury DC. Evaluation of the quality and cost-effectiveness of Versajet hydrosurgery // Int Wound J. 2009 Feb;6(1):24-9. doi: 10.1111/j.1742-481X.2008.00560.x. PMID: 19291112; PMCID: PMC7951690.
6. Mosti G, Iabichella ML, Picerni P, Magliaro A, Mattaliano V. The debridement of hard to heal leg ulcers by means of a new device based on Fluidjet technology // Int Wound J. 2005 Dec;2(4):307-14. doi: 10.1111/j.1742-4801.2005.00147.x. PMID: 16618317; PMCID: PMC7951525
7. Granick MS, et al. Medical applicationsof the high-powered waterjet. Presented at the 2005 WJTA American Waterjet Conference in Housten, Tex, August 21-23, 2005
