ҚАЗАҚСТАНДА СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНАН БОЛАТЫН ӨЛІМ-ЖІТІМДІ кеңістіктік БАҒАЛАУ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-211-212-1-2-26-30##semicolon##
өлім-жітім##common.commaListSeparator## сүт безі обыры##common.commaListSeparator## картограмма##common.commaListSeparator## Қазақстан##article.abstract##
Өңірлік деңгейде сүт безі обырынан (СБО) болатын өлім-жітімді талдау халық арасында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды бағалау және өлім-жітім деңгейі жоғары және төмен аумақтарға бөлу үшін ғана емес, өлім-жітім деңгейіне әсер етуі мүмкін факторларды жақсы түсінуге ықпал етеді.
Зерттеу мақсаты. Қазақстандағы СБО болатын өлім-жітімге кеңістіктік баға беру.
Материал және әдістері. 2009-2018 жылдар аралығындағы ретроспективтік зерттеу. Зерттеу материалы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің СБО-нан қайтыс болғандар туралы деректері (АХЖ 10-С 50). Орта көрсеткіштен (х) орташа квадраттық ауытқуды (σ) айқындауға негізделген картограмма әзірлеу тәсілі қолданылды. 100 000 әйел адамға есептелген өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылды.
Нәтижелері және талқылауы. СБО бойынша өлім-жітімге кеңістіктік баға беру өлім-жітім деңгейлерін есептеу негізінде жүргізілді: төмен деңгей 12,80/0000-ге дейін; орта деңгей 12,8-ден 17,30/0000-ке дейін және жоғары деңгей 17,30/0000 және одан жоғары. Солтүстік Қазақстан (18,20/0000), Ақмола (18,90/0000), Шығыс Қазақстан (20,30/0000) және Павлодар (22,20/0000) облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы (21,70/0000) өлім-жітім көрсеткіші жоғары өңірлерге жататыны анықталды.
Қорытынды. Республикада сүт безі обырынан болатын өлім-жітім ерекшеліктері анықталды, бұл ретте өлім-жітімді кеңістіктік бағалау (картограмма) өлім-жітім деңгейі әртүрлі өңірлерді көрсетеді. Алынған мәліметтерді обырға қарсы іс – шараларды – СБО скринингін мониторингілеу және бағалау үшін пайдалану ұсынылады.
##submission.citations##
Ferlay J, Ervik M, Lam F, Colombet M, Mery L, Piñeros M, Znaor A, Soerjomataram I, Bray F (2018). Global Cancer Observatory: Cancer Today. Lyon, France: International Agency for Research on Cancer. Available from: https://gco.iarc.fr/today, accessed 19 December 2019.
Bray F, Ferlay J, Soerjomataram I, Siegel RL, Torre LA, Jemal A. Global cancer statistics 2018: GLOBOCAN estimates of incidence and mortality worldwide for 36 cancers in 185 countries. CA Cancer J Clin. 2018. 68(6):394-424. https://doi.org/10.3322/caac.21492. PMID: 30207593
Ferlay J, Colombet M, Soerjomataram I, Mathers C, Parkin DM, Piñeros M, Znaor A, Bray F. Estimating the global cancer incidence and mortality in 2018: GLOBOCAN sources and methods. Int J Cancer. 2019. 144(8):1941-1953. https://doi.org/10.1002/ijc.31937. PMID: 30350310.
Lundqvist A, Andersson E, Ahlberg I, Nilbert M, Gerdtham U. Socioeconomic inequalities in breast cancer incidence and mortality in Europe-a systematic review and meta-analysis. Eur J Public Health. 2016 Oct;26(5):804-813. DOI: 10.1093/eurpub / ckw070. PMID: 27221607
d'Onofrio A, Mazzetta C, Robertson C, Smans M, Boyle P, Boniol M. Maps and atlases of cancer mortality: a review of a useful tool to trigger new questions. Ecancermedicalscience. 2016;10:670. DOI: 10.3332/ecancer.2016.670
Merkov AM, Polyakov LE. Sanitarnaya statistika [Health statistics]. Moscow: Medicine; 1974. 384 p.
Primeneniye metodov statisticheskogo analiza dlya izucheniya obshestvennogo zdorovya i zdravookhraneniya [Application of the methods of statistical analysis for the study of public health and health care]. М.: GEOTAR-Media; 2004. 180 p.
Toshiro Tango. Statistical Methods for Disease Clustering. Springer Science+Business Media, LLC; 2010. 247 p.
Igissinov SI. Method of compiling and applying cartograms in oncological practice. Zdrav. Kazakhstana = Health of Kazakhstan. 1974;2:69-71 (In Russ.).
Metodika postroeniya kartogrammi prostranstvennogo raspredeleniya raka (metodicheskiye rekomendatsii, posobiye dlya vrachei) [The method of constructing a cartogram of the spatial distribution of cancer (methodological recommendations, manuals for doctors)] Chast 2/ Pod redaktsiyei VI Chissova, VV Starinskogo, BN Kovaleva. Moscow: FGU MNIIOI im. PA. Gertsena Rosmedtehnologii; 2007. P. 18-20
Boyarsky AYa. Obshchaya teoriya statistiki [General theory of statistics]. Moscow; 1977. 326 p.
Sepetliev D. Statisticheskiye metody v nauchnykh meditsinskikh issledovaniyakh [Statistical methods in scientific medical research]. – M.: Medicine; 1968. 410 p.