ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОЛОРЕКТАЛЬДЫ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕЙБІР КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ
##semicolon##
https://doi.org/10.31082/1728-452X-2020-219-2220-9-10-11-16##semicolon##
колоректальды қатерлі ісік##common.commaListSeparator## аурушаңдық##common.commaListSeparator## өлім-жітім##common.commaListSeparator## ерте диагностика##common.commaListSeparator## асқыну##common.commaListSeparator## морфологиялық верификация##article.abstract##
Обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің болжамы бойынша 2040 жылы колоректальды қатерлі ісігінің (КҚІ) 3,15 миллионға жуық жаңа жағдайы болжануда және 1,62 миллионға жуық адам осы патологиядан қаза болады деп күтілуде. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында КҚІ бойынша онкологиялық қызмет көрсеткіштеріне талдау жүргізілді, ол жүргізілген обырға қарсы іс-шараларды бағалауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты. 2009-2018 жж. Шығыс-Қазақстан облысындағы КҚІ байланысты онкологиялық қызметтің кейбір көрсеткіштерін бағалау.
Материал және әдістері. Зерттеу материалдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері – Шығыс Қазақстан облысындағы КҚІ-не (АХЖ 10 – С18-21) қатысты 2009-2018 жж. жылдық № 7 және 35 нысандар – аурушаңдық, өлім, ерте диагностика, асқыну, морфологиялық верификация. Негізгі әдіс ретінде медициналық-биологиялық статистиканың дескриптивтік және аналитикалық әдістерін қолдана отырып ретроспективті зерттеу қолданылды.
Нәтижелері және талқылауы. 2009-2018 жылдары Шығыс-Қазақстан облысында 3 661 КҚІ жаңа жағдайлары тіркелген. КҚІ аурушаңдығының орташа жылдық дөрекі көрсеткіші 25,3±0,70/0000 (95% СИ=24,0-26,7) құрады және динамикада 21,9±1,30/0000-тен (2009 ж.) 25,7±1,40/0000-ке дейін (2018 ж.) жоғарылау үрдісіне ие болды, айырмашылық статистикалық маңызды болды (t=1,99 және р=0,047). КҚІ-нен болатын өлім-жітім 15,50/0000-ден 14,70/0000-ге дейін (р=0,591) төмендеді, ал КҚІ-нен болатын өлім-жітімнің орташа жылдық көрсеткіші 15,60/0000 құрады. Ерте диагностика көрсеткіштері (I-II сатысы бар науқастардың үлес салмағы) 2018 жылы 58,8%-дан (2009 ж.) 62,3%-ға дейін жақсарды және тиісінше асқынған науқастардың үлес салмағының көрсеткіштері III сатымен (25,5%-дан 20,8%-ға дейін) айтарлықтай төмендеді, ал IV сатымен (15,7%-дан 16,9%-ға дейін) аздаған өсім байқалады. КРР кезінде морфологиялық верификация көрсеткіштері зерттелген жылдары 90,5%-дан 98,6%-ға дейін жақсарды.
Қорытынды. Морфологиялық верификация және КҚІ-нің ерте диагностикасы көрсеткіштерінің жақсаруы анықталды. Алынған нәтижелерді облыстағы обырға қарсы іс-шараларды мониторингтеу үшін пайдалану ұсынылады.
##submission.citations##
Ferlay J., Ervik M., Lam F., Colombet M., Mery L., Piñeros M., Znaor A., Soerjomataram I., Bray F. (2018). Global Cancer Observatory: Cancer Today. Lyon, France: International Agency for Research on Cancer. https://gco.iarc.fr/today, accessed 2 December 2020.
Bray F., Ferlay J., Soerjomataram I., Siegel R.L., Torre L.A., Jemal A. Global cancer statistics 2018: GLOBOCAN estimates of incidence and mortality worldwide for 36 cancers in 185 countries // CA Cancer J Clin. – 2018. – Vol. 68 (6). – P. 394-424. DOI: 10.3322/ caac.21492
Ferlay J., Colombet M., Soerjomataram I., Mathers C., Parkin D.M., Piñeros M., Znaor A., Bray F. (2019). Estimating the global cancer incidence and mortality in 2018: GLOBOCAN sources and methods // Int J Cancer. – 2019. – Vol. 144 (8). – P. 1941-1953. DOI: 10.1002/ijc.31937
Mattiuzzi C., Sanchis-Gomar F., Lippi G. Concise update on colorectal cancer epidemiology // Ann Transl Med. – 2019. – Vol. 7 (21). – P. 609. DOI: 10.21037/atm.2019.07.91.
Siegel R.L., Fedewa S.A., Anderson W.F. et al. Colorectal Cancer Incidence Patterns in the United States, 1974-2013 // J Natl Cancer Inst. – 2017. – Vol. 109 (8). – P. djw322. DOI: 10.1093/jnci/djw322
Zhabagin K., Igissinov N., Manambayeva Z. et al. Temporal Epidemiological Assessment of Colorectal Cancer Incidence and Mortality in East Kazakhstan, 2004-2013 // Asian Pac J Cancer Prev. – 2015. – Vol. 16 (15). – P. 6413-6416. DOI: 10.7314/ apjcp.2015.16.15.6413
Douaiher J., Ravipati A., Grams B., Chowdhury S., Alatise O., Are C. Colorectal cancer-global burden, trends, and geographical variations // J Surg Oncol. – 2017. – Vol. 115 (5). – P. 619-630. DOI: 10.1002/jso.24578
Baena R., Salinas P. Diet and colorectal cancer // Maturitas. – 2015. – Vol. 80 (3). – P. 258-264. DOI: 10.1016/j.maturitas.2014.12.017
Boland P.M., Yurgelun M.B., Boland C.R. Recent progress in Lynch syndrome and other familial colorectal cancer syndromes // CA Cancer J Clin. – 2018. – Vol. 68 (3). – P. 217-231. DOI: 10.3322/ caac.21448
Johnson C.M., Wei C., Ensor J.E. et al. Meta-analyses of colorectal cancer risk factors // Cancer Causes Control. – 2013. – Vol. 24 (6). – P. 1207-1222. DOI: 10.1007/s10552-013-0201-5
Kearney J. Food consumption trends and drivers // Philos Trans R Soc Lond B Biol Sci. – 2010. – Vol. 365 (1554). – P. 2793- 2807. DOI: 10.1098/rstb.2010.0149
Orlien V., Bolumar T. Biochemical and Nutritional Changes during Food Processing and Storage // Foods. – 2019. – Vol. 8 (10). – P. 494. DOI: 10.3390/foods8100494
Rex D.K., Boland C.R., Dominitz J.A. et al. Colorectal Cancer Screening: Recommendations for Physicians and Patients From the U.S. Multi-Society Task Force on Colorectal Cancer // Gastroenterology. – 2017. – Vol. 153 (1). – P. 307-323. DOI: 10.1053/j. gastro.2017.05.013
Lauby-Secretan B., Vilahur N., Bianchini F., Guha N., Straif K.; International Agency for Research on Cancer Handbook Working Group. The IARC Perspective on Colorectal Cancer Screening // N Engl J Med. – 2018. – Vol. 378 (18). – P. 1734-1740. DOI: 10.1056/ NEJMsr1714643
Мерков А.М., Поляков Л.Е. Санитарная статистика. – Л.: Медицина; 1974. – 384 с. 16 Стентон Гланц. Медико-биологическая статистика. – М.; 1999. – 460 с