КЕУДЕ ҚУЫСЫ ЖАБЫҚ ЖАРАҚАТТАРЫНАН КЕЙІНГІ АСҚЫНУЛАРДЫ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ: ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР

Авторлар

Кілттік сөздер:

пневомоторакс, гемоторакс, кеудеқұрсақ жарақаты, плевра эмпиемасы, қабырғалардың флотацияланушы сынуы, ұйыған гемоторакс.

Аннотация

Өзектілігі. Кеуде қуысы ағзаларының жабық жарақаты механикалық жарақаттар кезінде жиі кездеседі. Қазіргі таңда жедел хирургия мен травматологияның маңызды мәселелерінің бірі саналады. Халықаралық эпидемиологиялық зерттеулердің деректері бойынша, кеуде қуысының зақымдануы әртүрлі жарақат түрлерімен зардап шеккен науқастардың 20-25%-ында анықталады, ал политравма жағдайында олардың жиілігі 30-40%-ға дейін жетеді.
Зерттеудің мақсаты. Кеуде қуысының жабық жарақаты мен асқынуының диагностикалық әдістерін жетілдіру және хирургиялық емінің нәтижесін жақсарту.
Материал және әдістері. Global Burden of Disease деректері бойынша, жарақаттар жыл сайын әлемде 4,4 миллионнан астам адамның өліміне себеп болады, ал ауыр жарақаттар құрылымында кеуде қуысы зақымдануларының үлесі аймаққа байланысты 15-30% аралығында болады.
Алматы қаласының №7 клиникалық ауруханасының хирургия және травматология бөлiмiнде соңғы 5 жылда 216 науқас кеуде қуысының жабық жарақаты және оның асқынуларымен емделуде болды.
Нәтижелері және талқылауы. Алынған мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, өте ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға алғашқы 3 сағатта келіп түскенін байқаймыз 138(63,9%). Бұл науқастарға кеуде қуысының жабық жарақатының асқынған түрлерін, жүрек жарақаттарын, кеудеқұрсақ жарақаттарын жатқызуға болады.
Ауруханаға кеш (24 сағаттан жоғары) 53 (24,5%) науқас жатқызылды. Кеш жатқызылу себептеріне мыналар жатады: 1) уақытында дәрігерлік көмекке қаралмағаннан; 2) жатқызылу алдындағы кеш диагноз қойылған; 3) басқа ауруханаларда дұрыс диагноз қойылғаны мен дер кезінде мамандандырылған ем қолданылмауынан.
Қорытынды. Ұсынылған диагностикалық және ем алгоритiмi тек диагозды анықтап қана қоймайды, сонымен бiрге кеуде қуысының жабық жарақаттың әртүрлi асқынуларын салыстырмалы диагнозын анықтап, хирургиялық ем тәсiлiн өте жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндiк бередi.
Осылайша, торакоскопиялық операциялар кеуде қуысының жабық жарақатының асқынуларын емдеудегі негізгі таңдау әдісі болып табылады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Karmy-Jones R, Jurkovich GJ. Blunt chest trauma. Curr Probl Surg. 2018;55(5):121–158. DOI:10.1067/j.cpsurg.2018.03.002

2. Battle CE, Hutchings H, Evans PA. Risk factors that predict mortality in patients with blunt chest wall trauma. Injury. 2015;46(4):648–652. DOI:10.1016/j.injury.2014.12.005

3. Peek J, Ochen Y, Saillant N, Groenwold RHH, Leenen LPH, Houwert RM. Traumatic rib fractures: a marker of severe injury. J Trauma Acute Care Surg. 2020;88(4):e88–e94. DOI:10.1097/TA.0000000000002586

4. Flagel BT, Luchette FA, Reed RL, Esposito TJ, Davis KA, Santaniello JM, Gamelli RL. Half-a-dozen ribs: the breakpoint for mortality. Surgery. 2016;160(4):944–952. DOI:10.1016/j.surg.2016.05.012

5. Miller DL, Mansour KA. Blunt traumatic lung injuries. Thorac Surg Clin. 2017;27(2):113–121. DOI:10.1016/j.thorsurg.2016.12.001

6. Livingston DH, Hauser CJ. Chest wall injury. Surg Clin North Am. 2017;97(5):1047–1064. DOI:10.1016/j.suc.2017.06.002

7. Kulshrestha P, Datt V, Aggarwal P. Thoracic trauma: operative versus nonoperative management. J Emerg Trauma Shock. 2019;12(1):1–7. DOI:10.4103/JETS.JETS_93_18

8. Meyer DM, Jessen ME, Grayburn PA. Video-assisted thoracic surgery in trauma. Ann Thorac Surg. 2016;102(1):356–361. DOI:10.1016/j.athoracsur.2016.02.082

9. Hoth JJ, Stitzel JD, Gayzik FS, Brownlee NA, Miller PR, Yoza BK. The pathophysiology of pulmonary contusion. J Trauma Acute Care Surg. 2018;84(3):S87–S93. DOI:10.1097/TA.0000000000001766

10. Simon B, Ebert J, Bokhari F, Capella J, Emhoff T, Hayward T, Rodriguez A, Smith L, Weber D. Management of pulmonary contusion and flail chest. J Trauma Acute Care Surg. 2012;73(5):351–361. DOI:10.1097/TA.0b013e31827019fd

11. Tanaka H, Yukioka T, Yamaguti Y, Shimizu S, Goto H, Matsuda H, Shimazaki S. Surgical stabilization of internal pneumatic stabilization. J Trauma. 2016;81(2):314–319. DOI:10.1097/TA.0000000000001063

12. Kasotakis G, Hasenboehler EA, Streib EW, Patel N, Patel MB, Alarcon L, Bosarge PL, Como JJ, Haut ER, Kerwin AJ, Kozar RA, Lee J, Rowell S, Smith JW, Stern EJ, Stuke L, Tominaga GT, Turkstra TP, Whelan JF, Mayberry JC. Operative fixation of rib fractures. J Trauma Acute Care Surg. 2017;82(3):618–626. DOI:10.1097/TA.

0000000000001344

13. Bergeron E, Lavoie A, Clas D, Moore L, Ratte S, Tetreault S, Lemaire J. Elderly trauma patients with rib fractures. J Trauma Acute Care Surg. 2016;61(2):348–354. DOI:10.1097/01.ta.0000224220.85736.13

Жүктелулер

Жарияланды

2026-07-29

Шығарылым

Бөлім

Articles

##plugins.generic.recommendByAuthor.heading##