ЖАС ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАТЫР МОЙНЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ДЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Кілттік сөздер:
адам папилломавирусы, жатыр мойны обыры, жатыр мойны ішілік эпителий неоплазиясы, кольпоскопия.Аннотация
Кіріспе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне орай жатыр мойны обыры бойынша жыл сайын әлемдік деңгейде шамамен 500 000 жаңа жағдай тіркеледі. Қазақстан Республикасында жатыр мойны обырын бастапқы анықтау жиілігі жыл сайын шамамен 1800-ге жетеді. Қатерлі ісік ауруының халықаралық және Ұлттық аспектілерінде әйелдердегі қатерлі ісіктің бұл түрі тұрақты түрде екінші орында.
Зерттеудің мақсаты. Жатыр мойны тіндеріндегі қатерлі ісікке дейінгі өзгерістерді диагностикалау әдістерінің тиімділігін салыстыру: HPV (адам папиломавирусы) сынағы, цитологиялық және гистологиялық тестілеу және зерттеуге қатысатын әйелдердегің кольпоскопиясы.
Материал және әдістері. Клиникалық жағдайларға талдау жасау, анамнез бойынша, жалпы клиникалық, цитологиялық, полимеразды тізбекті реакция әдісімен адам папилломавирусын (HPV) анықтау, кольпоскопиялық, гистологиялық нәтижелері арқылы жүргізілді. Зерттеуге жатыр мойны патологиясы бар 18-35 жас аралығындағы 100 әйел қатысты. Барлық әйелдерге цитологиялық талдау жүргізілді, оның сұйық цитология түріндегі вариациясы; HPV тестін, бейнекольпоскопияны, соның ішінде жатыр мойнының патологиялық аймағының циклдік биопсиясын жүргізу. 6 айдан кейін әйелдердің онкоцитологиясын бақылау.
Зерттеу нәтижелері. Пациенттердің орташа жасы 31 жасты құрады. Жүргізілген талдау жас кезінде бақыланған әйелдерде HPV теріс нәтиже беретінін көрсетті. Патологиялық онкоцитологияда эпителий жасушаларының атипиясы (ASC-US) және тегіс жасушалық интраэпителиальды төмен дәрежелі зақымдануы(LSIL) жиі кездеседі. HSIL жоғары дәрежелі тегіс жасушалы интраэпителиальды зақымданулар және HGSIL жоғары дәрежелі безді эпителий жасушалары HPV- теріс әйелдерде анықталды. Гистологиялық талдау LSIL төмен дәрежелі жатыр мойны ішілік эпителий неоплазиясының 65 жағдайын (CIN-1 деп те аталады), HSIL/CINII орташа және ауыр фокальды жатыр мойны ішілік неоплазиясының 5 жағдайын, in situ жатыр мойны обырының 1 жағдайын және HGSIL (CINII-III) ауыр дәрежелі безді эпителийдің фокальды жатыр мойны ішілік неоплазиясының 2 жағдайын анықтады.
Талқылауы. Бұл зерттеу АПВ-инфекциялардың (адам папиломасы вирусы) ұзақ уақыт сақталатын немесе дами беретін аз ғана бөлігінің қатерлі ісікке әкелетіндігін көрсетіп отыр. Онкогендік процесті дамыту үшін АПВ инфекциясының тұрақтылығы қажет. Вирустық жүктеме, тұрақтылық ұзақтығы және АПВ жоғары канцерогенді тәуекелділігі түрі инфекцияның жатыр мойнының интраэпителиальды зақымдануына дейін өтуінің негізгі себептері болып табылады. Цитологиялық талдау абсолютті сезімталдыққа ие емес, кольпоскопияны қолдану мультифокальды биопсия жасауға жарамды жатыр мойнындағы аймақтарды анықтауда тиімді болды.
Қорытындылар. Жатыр мойнының скринингі жатыр мойны (ЖМ) обырына шалдығу қаупін азайтуға көмектеседі. Бірақ дәл диагнозды анықтауда шешуші рөлді емдеуге деген көзқарасты анықтайтын гистологиялық зерттеу атқарады. Салыстырмалы зерттеу цитологияға негізделген күй-жайды бағаламау немесе асыра бағалау жағдайлары болғанын анықтады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Kachalina OV, Kuznetsova IA, Korenkova AA.. OCT-colposcopy in diagnosis of cervical pathology. Issledovaniia i praktika v meditsine = Research'n Practical Medicine Journal. 2018;5(S1):41. (In Russ.)
2. Zilber LA. Viruso-geneticheskaia teoriia vozniknoveniia opukholei [Viral-genetic theory of tumor occurrence]. Moscow: Nauka, 1968. 344 p.
3. Trushina OI, Novikova EG. Photodynamic therapy in prevention of early cervical cancer HPV-related relapses. Akusherstvo i ginekologiia = Obstetrics and Gynecology: News, Opinions, Training. 2018; (1):79–84. (In Russ.)
4. Van Raemdonck GA, Tjalma WA, Coen EP, Depuydt CE, Van Ostade XW. Identification of protein biomarkers for cervical cancer using human cervicovaginal fluid. PLoS One. 2014 Sep 12;9(9):e106488. doi: 10.1371/journal.pone.0106488. PMID: 25215525; PMCID: PMC4162552
5. Dankina IA, Dzhelomanova SA, Dankina VV, Chistyakov AA.The influence of various factors on the occurrence of cervical diseases in patients of reproductive age. Aktualnye problemy meditsiny: materialy ezhegodnoi itogovoi nauch.-prakt. konf. = Current problems of medicine: materials of the annual final scientific and practical. conf. Grodno, 2017:250–254. (In Russ.)
6. Remschmidt C, Fesenfeld M, Kaufmann AM, Deleré Y.Sexual behavior and factors associated with young age at first intercourse and HPV vaccine uptake among young women in Germany: implications for HPV vaccination policies. BMC Public Health. 2014;14:1248. Doi: 10.1186/1471-2458-14-1248
7. Prilepskaya VN, Bayramova GR, Abakarova PR. Zabolevaniia sheiki matki i genitalnye infektsii [Diseases of the cervix and genital infections]. Moscow: GEOTAR-Media, 2016: 384
8. Kaidarova DR, Kairbaev MR, Bolatbekova RO. Strategy for primary and secondary prevention of cervical cancer. Onkologiia i radiologiia Kazakhstana = Oncology and radiology of Kazakhstan. 2017;43(1):7-11. (In Russ.)
9. de Sanjosé S, Brotons M, Pavón MA. The natural history of human papillomavirus infection. Best Pract Res. Clin Obstet Gynaecol. 2018;47:2–13. doi: 10.1016/j.bpobgyn.2017.08.015. Epub 2017, 6 сентября. PMID: 28964706
10. Cooper DB, Dunton CJ. Colposcopy. 2023 Nov 12. In: StatPearls [Internet]. Treasure Island (FL): StatPearls Publishing; 2024 Jan–. PMID: 33232095
11. World Health Organization. Comprehensive Cervical Cancer Control. A Guide to Essential Practice. 2nd ed. Geneva: World Health Organization, 2014
12. Bruni L, Barrionuevo-Rosas L, Albero G, et al. ICO Information Centre on HPV and Cancer (HPV Information Centre). Human Papillomavirus and Related Diseases in the World. Summary Report 2016; 2-25
